Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұмытыла бастаған дәстүрлі тағамдар

Ұмытыла бастаған дәстүрлі тағамдар

Түймеш — келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі.

Май түймеш — майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады.

Бітеу — бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады.

Меңіреу — әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі.

Жаужұмыр — сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды.


Борша кісе — тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады.
Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі.

Жаубүйрек — қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі.

Сырбаз — өз терісіне орап, алдын—ала от жағылған шұңқырға көміп пісірген бағлан еті.

Ет хошан — құйрық май, қамыр, өсімдік майын қоспалап қарынға салып пешке пісіретін, тұз—бұрыш, иіс дәмі келісті тағам.



Дереккөз:bilim-all.kz

01 тамыз 2019 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930