Жақсы кітап-ақылды адамның әңгімесімен бірдей
Жалпы кітаптың құдіреттілігін қаншалықты түсінеміз ? Әрине, кітап оқудың өзі үлкен бір шеберліктен туады. Оны құр босқа оқып қоймай, түсіне отырып, өзіңе үлгі боларлық дүниені жадыңа түйсең, нұр үстіне нұр. Енді өзіме келер болсам, кітапты көп оқимын деп айтпаяқ қояйын. Бірақ қазіргі таңда болашағыма нағыз керек нәрсе болған соң енді қолға алып жатырмын. Қазақ әдебиетінде өлшеусіз үлесі бар Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясының 2 томын оқу үстіндемін.Тілі қиынға соққанымен, мағынасы өте терең, оқырманға әсер етпей қоймайды. Ежелгі қазақ бейнесі осы кітаптан айқын көрінеді. Ал осы кітапқа дейін бірнеше туындыларды оқыдым. "Ұшқан ұя"(Б.Момышұлы), "Қарғын"(Д.Исабеков), "Қызыл алма"(Ш.Айтматов), "Махаббат, қызық мол жылдар"(Ә.Нұршайықов), "Қамарсұлу" романы(С.Торайғыров). Бәрі дерлік бір-бір керемет шығарма. Кітап-рухани азық Оны оқыған сайын ойға ой қосып, тамаша сезімге бөленіп, жан сарайыңды ашасың. Әйгілі Шекспирдің өзі "Кітап мен үшін тақтан да қымбат" деген сөзі өз маңызын әлі күнге жоймақ емес...
Massaget.kz сайты
Massaget.kz сайты