Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ас үйде кәдеңізге жарайтын кеңестер

Ас үйде кәдеңізге жарайтын кеңестер

Әр адамның ас пісіруде қолданатын амал-тәсілі болады. Әсіресе әйел адамдардың. Себебі олар ер-азаматқа қарағанда уақытының көп бөлігін ас бөлмесінде өткізеді. Осыны ескеріп біз асханада кәдеңізге жарайтын бірнеше кеңесті ұсынамыз. 
1. Жуа турағанда қалып қойған екінші жартысына май жағып қойған жөн. Сол кезде балғындығы бұзылмай сақталады. 
2. Етті пісірерде ұзақ уақыт суға салудың қажеті жоқ 
3. Шәй демдегенде шәйнекке су құймай тұрып, қант салсаңыз шәйіңіз хош иісті болады. 
4. Егер ұныңыз тұрған сөре ылғал болса, ол жерге бірнеше құрғақ лавр жапырағын қойып қойыңыз. Ол ылғалды тартып алады. 
5. Сарымсақ, жуадан кейін аузыңыздан жағымсыз иіс шығып тұрса, салқын сүт ішіңіз. 
6. Дастарханның қайырылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластырь жапсырып қойыңыз 
7. Сорпаға мөлшерінен тыс тұз салып қойсаңыз, оған ашылған бір картопты салыңыз. Картоп тұзды өзіне сіңіріп алады. 
8. Жуаны ашып немесе турайтын кезде сағыз шайнап отырсаңыз, көзіңіз жасаурамайды. 
9. Қарайып кеткен пышақтарды картоп пісірілген суға салып, біраз уақытқа қалдырыңыз. Кейін пышақты сүртсеңіз ол бұрынғы қалпына келеді. 
10. Көкөністерді асып пісіретін болсаңыз, үстіне екі қасық шекер қосыңыз. 
Кеңесіміз кәдеңізге жарасын. 
"Өскен өңір" ақпарат 
31 шілде 2019 ж. 651 0