Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бидайкөлде наубайхана ашылды

Бидайкөлде наубайхана ашылды



Шиеліде өңірдің дамуына өзінше үлес қосып жатқан жандардың қатары күн санап көбеюде. Солардың бірі – Бидайкөл ауылының тұрғыны Мейірхан Амангелдіұлы.
Ол осыдан бірнеше апта бұрын өз қаражатына ауылдан наубайхана ашты. «Алтын дән» атты бұл нысан күніне 1500 дана нан дайындауға қауқарлы.
– Әзірше сұранысқа қарай 400-500 нан пісіріп жүрміз. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, наннан өзге де кондитерлік тағамдарды сатылымға шығаруды жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер.
Бүгінде наубайханада ауылдың бес тұрғыны жұмыспен қамтылып, ауысыммен жұмыс жасауда. Енді ауылдағы дүкен иелері ас атасын кенттен тасымай, жергілікті наубайханадан дер кезінде ыстық күйінде алатын болды.

«Өскен өңір» ақпарат
30 шілде 2019 ж. 2 265 0

Қоғам

АҚ ХАЛАТТАҒЫ МЕЙІРІМ
16 маусым 2026 ж. 65

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930