Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман ыдыс жууда қандай қателіктер жібермеу керек екенін айтты

Маман ыдыс жууда қандай қателіктер жібермеу керек екенін айтты

Қырғызстандағы фармацевтикалық компаниялардың біріндегі дезинфекциялау құралдарына маманданған маман ыдысты қалай жуу керек екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстансайтына сілтеме жасап.

ÑдÑÑ
Жамал Тоқтосунова ыдысты жууға арналған құралдарда беттік-белсенді заттардың (ПБЗ) жоғары болатынын мәлімдеді. 
"ПБЗ үлкен концентрацияларда өте қауіпті, сондықтан олардың концентрациясы 5 пайыздан аспауы тиіс. Жуғыш зат құрамында фосфаттар болмауы тиіс. Өйткені олар тері арқылы өтіп, қанға түседі және диатез, дерматит, аллергия тудырады, тыныс алу жолдарын зақымдайды. Бояғыштар мен хош иістендіргіштер – ол химия", – дейді Тоқтосунова. 
Ол осы заттардың ағзаға түсетінін айтты.
"Денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін ыдыс-аяқты қолғаппен жуыңыз. Сонымен бірге жуғыш гельді ыдысқа емес, губкаға тамызыңыз. Ыдысты ыстық суда жуған дұрыс. Өйткені суық құралдың тиімділігі аз және көбірек күш жұмсалады, яғни оның ағзаға түсу қаупі жоғары. Май мен бояуды жақсы кетіретін органикалық қышқылдар бар құралдарды таңдау керек. Мысалы, лимон, сүт, сірке суы, гликоль. Ыдысты жуып болғаннан кейін оны мұқият шаю керек. 20-30 секунд уақыт жеткілікті", – деді фармацевт. 
Маманның айтуынша, су тамшыларында ыдыста жуу құралдарының қалдықтары қалып қояды. Ыдыс кепкеннен соң олар көрінбейтін пленкаға айналады. Сөйтіп тамақпен бірге ағзаға түсуі мүмкін. Бір жыл ішінде ыдыс жууға жарты литр жуғыш сұйықтық кетеді екен. 

stan.kz
29 шілде 2019 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930