Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 24,4 млрд. теңге төледі

Медициналық сақтандыру қоры халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 24,4 млрд. теңге төледі

«2019 жылы 15 шілдедегі мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 24,4 млрд. теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 54,4 %», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 44,7 млрд. теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 15,4 % артық.
 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Руслан Бектібаев.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 74 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 44 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-ге артқан. 
Мемлекеттентапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
 Қызылорда облысы бойынша филиалының
Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімі
24 шілде 2019 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930