Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Саламатты ұрпақ – нұрлы болашақ

Саламатты ұрпақ – нұрлы болашақ


Болашақтың кепілі дерт жабыспаған денсаулық, сыр бермейтін саулық екені әмбеге аян. Ал темірдей төзім мен қажымас қайратқа ие болу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Дұрыс тамақтану, зиянды әдеттен аулақ болумен қатар күнделікті жаттығу жасауды дағдыға айналдырған артықтық етпейді. Қазіргі таңда жастар ғана емес, егде тартқан кісілер де жалқаулыққа бой алдырып, спортты жанынан алыстатып алғаны жасырын емес. Тек ұйымдастырылып жатқан шараларға қатысу арқылы денсаулықтың қадірін ұғынғандай көрінеді.
Өткен сенбіде «Жастар ресурстық орталығы» мен «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қоры ұйымдастырған сайысқа қатысушыларды денінің саулығы назардан тыс қалдырмаса керек-ті. Себебі заманауи түрде өткен «WORKAUT» сайысына аудан бойынша 25 жас қатысқан. Олардың әрқайсысы көше спорты саналатын жарыста білегінің күшімен белтемірге тартылып, бақ сынады. Сайыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға бағалы сыйлық пен диплом табысталды.

М.Болатқызы
23 шілде 2019 ж. 1 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031