Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" аясында құжат қабылдау басталды

Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" аясында құжат қабылдау басталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталмыш тұрғын үй бағдарламасына көпбалалы отбасылармен қоса, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар да қатыса алады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасына келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
1. 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар;
2. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар;
3. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Бағдарламаның шарттары бойынша өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұруы тиіс.
Аталмыш бағдарлама бойынша пәтер алу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс: 
- бастапқы жарна болуы керек. Яғни, тұрғын үй құнының 10%;
- төлем қабілеттілігін растау;
- отбасының бір мүшесіне табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауы тиіс. 
Бағдарлама аясында баспана алу үшін берілетін несиенің ең жоғары сомасы - 10 млн теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 2%.
Құжаттарды қабылдау 22-26 шілде аралығында Қарағанды қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 мекенжайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
"Банкке жолдама жіберу кезінде азаматтардың жергілікті атқарушы органдарда баспанаға кезекте тұрғаны ескерілетін болады", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының әкімдігі «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдайтын пункттердің мекенжайларының тізімін ұсынды:
(Жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін).
Қарағанды қ. Магнитогорск к-сі 19, МҮ ғимараты (Майқұдық)
Балқаш қ. Уәлиханов к-сі 5, каб.10
Жезқазған қ. Алашахан к-сі 1
Қаражал қ. Сайдалы Сары Тоқа к-сі 1, каб.1
Саран қ. Жамбыл к-сі 65 
Сәтпаев қ. Сәтпаев к-сі 108, каб.13 
Теміртау қ. Тәуелсіздік гүлзары 9, каб.314
Шахтинск қ. Қазақстан к-сі 101
Абай ауданы, Абай қ., Абай к-сі 26
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Бөкейхан к-сі 4
Бұқар жырау ауданы, Ботақара к., Бұқар Жырау к-сі, 56а
Жаңаарқа ауданы, Атасу к., Тәуелсіздік 1, 
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Әлихан Бөкейхан к-сі 55
Нұра ауданы, Нұра к., Талжанов к-сі 5а
Осакаров ауданы, Осакаров к., Достық 33
Ұлытау ауданы, Ұлытау к., Абай к-сі 22, каб.3, ҚазПошта ғимараты
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы к., Шортанбай к-сі 24
19 шілде 2019 ж. 1 082 0