Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз?

Үйімізді ұрылардан қалай қорғаймыз?


Дүние-мүлкімізді ұрлықшылардан қорғаудың айла-тәсілі бар ма? Қандай үйлерді қай уақытта, қай мезгілде және қалай тонайды? Үйді тонауға қарсы қандай құрал-жабдықтар бар және олардың бағасы қанша? Ұрылардың біз білмейтін қандай айласы бар? Ұрының тап сіздің үйге сұғын қадағанын қалай білуге болады? Ендеше мамандардың мына кеңесіне құлақ түріңіз.

Дүние-мүлкімізді қалай сақтаймыз?
Үйді ұрылардан толық қорғау мүмкін емес. Ол үшін берік қамалда немесе барсакелмес аралында тұру керек. Сондықтан, тым болмағанда үйге кіруді қиындататын, ұрыны тез байқап қалу амалын қарастырып, аз да болса ескертулерді біле жүрейік.

Үйді ұрыдан қорғаудың қандай жабдықтары бар? Жер үйге, пәтерге қайсысын таңдау керек?
Сыртқы есік мықты болып, сыртына қарай ашылуы тиіс. Ақшаны аямай, қорғаудың жоғары деңгейі бар түрлі жүйе мен модельді бірнеше құлыпты орнатыңыз. Күшті құлпы бар үйді ашып кіру кез келген ұрыға қиын. Кіре-берістегі есікке алып-салуға қарсы істік салыңыз. Есікке «ақылды» көз орнатқан артық болмайды. Ол қимылды қадағалап, камера, экраны бар панельмен жабдықталған. Қадағалағыш іске қосылғанда камера бәрін түсіріп алады. Сөйтіп, тым құрығанда ұрының түр-түсі жазылып қалады.
Терезелерге тор орнатуға болады, бірақ төтенше жағдайда үйден шыға алмай қаласыз. Оның орнына соққыға қарсы жұқа қабықша – терезенің қақпағын салуға болады. Ол терезенің құлпын ашуға бөгет жасайтын фурнитура.
Жер үйлер мен саяжайларда жарық қадағалағыш — есік пен терезенің алдында қимылды сезгенде дереу іске қосылатын құрылғы ұрлықшыны үркітері анық.
Орталық бақылау пультіне қосылып, кешенді күзет дабылдамасын орнатуға болады. Ол өздігімен істейді, үйіңе ұры түсіп бір нәрсені қиратқанда бұл жүйе үйдің қожайынсыз-ақ күзет пультіне белгі береді. Сол кезде жедел әрекет ету тобы жетіп келіп ұрыны ұстап, полицияға тапсырады.
Подъезге кіре-беріске және подъездің есігінің іш жағынан төбесіне бейнебақылау ккмерасын орнатқан дұрыс. Оған есік ашқанда істейтін магнитті сезбек орнату керек. Ал есікті бұзып ашып жатқанын бсезетін пультті үйдің қожайынының телефонына немесе күзет компаниясына қосып қою қажет. Пәтердің ішінде қозғалыс сезбегі жақсы көмектеседі. Бұл құрылғы бірінші және екінші қабаттағы терезенің үстіне орнатылуы тиіс.
Тағы бір тиімді тәсіл: кәдімгі дыбыс дабылқаққышын орнату. Оны бақылау пультіне қосудың қажеті жоқ. Оның міндеті — қатты дыбыспен көршілердің немесе басқа адамдардың назарын аудару. Дабылқаққышты пәтердің ішіне де, подъезге де орнатуға болады. Мұндай құрылғыны саяжайда қолдансаңыз тіпті жақсы.

Жер үйлер мен коттедждер
Жоғарыда жазылған құрылғыларды қолдануға болады. Тек құрылғы саны көбірек болсын. Далада, қақапаның сыртында екі бағытта орнатқан дұрыс. Камераны учаскенің периметрімен ең қауіпті деген жерлерге орнатып қоюға болады. Сондай-ақ периметрді күзетуге арналған арнайы көшедегі қимыл-қозғалысқа арналған периметрлік сезбектер болады. Ол қиылыстарда жұмыс істейді.
Камераны тек есіктің кіре-беріс немесе шыға берісіне ғана емес, сонымен бірге ғимараттың айналасына қойса тіпті жақсы.

Бағасы
Қазір дүкен, базарларда күзет жабдықтарының түр-түрін кездестіруге болады. Орнатқан қиын емес, үй иесінің ниеті болса, өзі-ақ орната алады. Ал кәсіби маманды шақырса, оның қызметі, мысалы, пәтерге бейнебақылау жүйесі мен күзет дабылқаққышын орнату 200-250 мың теңге, ал жер үйде 300–400 мың теңге тұрады.

Арнайы дүкендердегі жабдықтардың (бастапқы) құны:
– алдын ала шешілмейтін түйректері бар есіктер - 130 мың теңгеден;
– құлып - 10 мың теңгеден; терезеге торлар - 1 шаршы метріне 5,5 мың теңгеден;
– жылжымалы торлар - 1 шаршы метріне 15 мың теңгеден;
– ұрлауға қарсы жұқа қабықша - 1 шаршы метрге 5 мың теңгеден;
– жылжымалы қақпақтар - 1 шаршы метріне 20 мың теңгеден;
– терезені бұзуға қарсы құлып – монтажымен 3 мың теңгеден бастап;
– есіктегі бейнебақылау көзі - 20 мың теңгеден;
– сымсыз / сымды қозғалыс сенсоры –3 / 2 мың теңгеден;
– бейнебақылау камерасы - 7 мың теңгеден;
– периметрлік сезбек - 14 мың теңгеден;
– үш бөлмелі пәтердің дабылқаққыш жинағы - 50-80 мың теңге;
– үйге - 80-200 мың теңге (шаршы метріне байланысты).
Сымсыз жүйеге қарағанда сымдылары мықтырақ. Сапалы күзет жүйелерінде жарық сөнгенде немесе ұрылар жарықты қиып тастағанда автономды қуат алу аккумуляторлары қарастырылған. Бейнетіркегіштерді адамның қолы жетпейтін, алуға қиын жерге ортану керек.
Алматыдағы кешенді күзет жүйесінің ай сайынғы төлем құны орта есеппен айына 5 мың теңге. Орнату тегін, құрал-жабдық бөлек төленеді (сомасы сезбектер санына байланысты). Кейбір компанияларда бір жылғы пакетті сатып алсаң, жабдықты тегін орнатады.

Сақтандыру көмектесе ме?
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сақтандыру міндетті емес. Тұрғын үйді сақтандыру/сақтандырмау әркімнің жеке ісі. Үйіңіз тоналса сақтандыру төлемін алу үшін құқық қорғау органдарынан міндетті түрде ұрланған фактіні анықтайтын құжат болуы шарт.
Еліміздегі көптеген сақтандыру компанияларында ұрлық немесе үшінші тараптардың заңсыз әрекеттері тәуекелмен бірге жүреді: өртпен, тұрмыстық газдың жарылуымен, су тасқынымен және т.б.– бұл тәуекелдерді қысқартып, тарифті төмендетуге болады.
Сарапшылардың пікірінше, сақтандыру келісімшартына қол қоймас бұрын, сақтандырушылар үйдің бұзуға қарсы беріктігін тексереді: үйдегі консьерж, терезедегі торлар, дабыл жүйесі, металл есіктер және т.б.

Естеріңізде болсын:
1.Қандай ұрлықтан қорғануды тек өзіңіз шешесіз. Ұрлықтан 100 пайыз қорғайтын мықты жүйе жоқтың қасы. Жабдық істен шығуы мүмкін, күзет қызметі жедел келе алмауы мүмкін. Ал ұрылар топталып әрекет жасайды, олар 4-7 минут минут ішінде үйіңізді әп-сәтте «тазалап» шығады. Анығы: қорғаныс құралдары неғұрлым көп болса, үйіңізді ұрлықтан соғұрлым жақсы қорғай аласыз.
2.Ұрылар тонамақ бұрын алдымен үйіңіздегі есікке небір жарнама газеттерін, визиткаларды, хабарландыруларды іліп кетеді. Және есіктің ашылатын тесігіне шаш, жіп, сіріңке жапсырады, пошта жәшігінің бос немесе толып тұрғанын қадағалайды. Сондлықтан ұзақ уақыт үйде болмасаңыз, пошта жәшігін босатып, есікке қыстырылған артық қағаздарды жинаттырып, анда-санда есікті ашып-жауып тұру керек. Яғни, оны көршіңізге тапсырыңыз.
3.Көршіңізбен тату болыңыз. Сіздің үй жақтан шыққан бейтаныс дыбысқа олар елеңдеп, күдік туса полицияға дер кезінде хабарлайды. Дабылқаққышқа кқөршіңіздің телефон нөмірін қосып қойғаныңыз жөн. И
4.Итке сенім жоқ. Үй жануары тек үріп назар аудартады. Ұрылар ите қарсы ультрадыбысты тітіркендіргіш немесе иісі мүңкіген зат (сіркесу, мүсәтір спирті) қолданып есінен тандырады.
5.Сыртқы есікті кілтттеп жауып жүріңіз. Осы қарапайым әрекетті көбісі ұмытып кетеді. Кейбір тұрғындар өздері үйде отырғанда есікті ішінен кілттеп жапайды, яғни есіктері күні бойы ашық тұрады.
6.Сөзуар болмаңыз. Әркімге және әлеуметтік желілерге қайда баратыныңызды, қанша күнге кететініңізді, демалыс жоспарыңызды және жұмыс кестеңізді жарияламаңыз.


14 шілде 2019 ж. 622 0