Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз ісіндей еңбек ету

Өз ісіндей еңбек ету


Бір кәрі құрылысшының зейнетке шығатын кезі таяп қалады. Бастығына бұдан былай жұмысқа шықпайтынын, үйде бала-шағасына, немерелеріне бас-көз болып отыратынын айтады. Әрине зейнетке шыққанда алып жүрген айлығын сағынады, бірақ басқа амал жоқ еді. Бастығы өте тәжірибелі жұмысшысынан айрылғанына аздап көңілі түсіңкірейді. Жұмысшысына, соңғы рет бір үй салып беруін өтінеді. Кәрі ұста бұл ұсынысты қабыл етіп, жұмысына кіріседі. Бірақ істеп жатқан ісінде көңілі жоқ екені, амал жоғынан істеп жатқаны білініп тұрады. Үйге сапасыз материалдар қолданып, қисық-қыңырына қарамай, қалай болса солай салып береді. Үй біткен соң бастығы үйді тексеру үшін келіп, қарап шығады. Шығарда үйдің кілтін ұстаға беріп: «Міне, кілттерді алыңыз, үй сіздікі! Қаншама жылғы еңбектеріңіз үшін менен сізге сыйлық болсын!» дейді. Әлгі ұста түсінбей, абдырап қалады, қатты ұялады. Әттең, осы салған үйі өзінікі болатынын білгенде, үйді осылай салар ма еді!..

 https://www.zharar.com/kz
20 қыркүйек 2018 ж. 1 310 0