Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары марапатталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған шара биыл 10-мәрте ұйымдастырылды, деп хабарлады 24.kz.

Конкурс  жүлдегерлері 10 номинация бойынша марапатталды. Айта кетейік, сайыс «Нұр Отан» партиясы  мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында әріптестік пен  ынтымақтастықты дамытуды көздейді. «Нұр Сұңқар» сыйлығына ие болғандардың қатарында біздің әріптестеріміз де бар. 
Биыл байқаудың ұйымдастыру комитетіне  200-ден аса қатысушыдан  мыңға жуық жұмыс келіп түскен. Олардың арасынан үздіктерді анықтау оңайға соқпаған. Десе де дода болған cоң  қара үзіп дара шығатындардың болары анық. Нұр Отан партиясының ұйытқы болуымен өткізіліп келе жатқан   "Нұр Сұңқар" байқауы бүгінде еліміз бойынша отандық медиасаланың өкілдерін ынталандыруға, қолдауға бағытталған маңызды шараға айналды. Бұл жолғы  мерейтойлық салтанатты шарада алғаш болып, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін Нұртілеу Иманғали марапатталды. 
«Әрине ең алдыменен 44-45 жыл өзінің шаңырағына, төріне оздырып, құрметпен қараған патша көңілді көрерменге үлкен рахмет айтып, басымды иемін. Батыр сөйлесе маңайын ықтырар байламын айтар, бұзық сөйлесе, ортаға салған ойларын айтады. Ақын сөйлесе, жеке басын емес, аймағын айтады»,-деді ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы.
Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатқа ие болды. Олардың қатарында біздің әріптестеріміз де бар. «Хабар» телеарнасының екі бірдей тілшісі Сәкен Сейітхан мен Назымгүл Күміспаева «Жас серпіліс» номинациясында үздік деп танылды. Ал «Хабар 24» телернасының журналисі Жұрағат Баман «Точка зрения» аталымында топ жарды.
 «Жуырда ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің кәсіби мерекесін белгілеген болатын. Бұл үлкен, зор мәртебе. Мысалы, міне, «Нұр-Отан» партиясы да 10 жыл бойы тілшілердің еңбегін бағалап, марапаттап келе жатыр. Бүгін міне сондай марапатқа ие болып тұрмыз. Анама, одан кейін ұжымыма алғыс айтқым келеді»,-деді «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Жұрағат Баман.
10 жылдан бері  «Nur Suńqar» байқауында елімізге танымал  100-ден астам журналист жеңімпаз атанды. Ал, оның о бастағы мақсаты бұрынғыша қазақстандық журналистерді,   кәсіби журналистиканы дамытуға  үлес қосқан бұқаралық ақпарат өкілдерін  қолдау болып,  өзгерісіз қала бермек. Сайыс жеңімпаздарына 500 мың және 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.



 
11 шілде 2019 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930