Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда "Жастар аллеясы" салынуда

Түркістанда "Жастар аллеясы" салынуда


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында облыс әкімінің  тапсырмасына сәйкес, халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды  көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған. Бүгінде солардың құрылысы басталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Мәселен, қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс орындары, субұрқақтар салынып, абаттандырылады. 

Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Субұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орнының алдында арнайы автотұрақ та салынатын болады.                                                                                           
01 шілде 2019 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031