Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?


Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты

Мазасыз, әрі қарбалас күн. Қандай жағдай орын алса да, эмоцияңызды білдірмей, сабырлылық таныта біліңіз. Кикілжіңдерден бойды аулақ ұстағаныңыз жөн. Әсіресе жұмыс барысында ашуға берілмегеніңіз дұрыс.  

Торпақ
Бүгінгі күн іскерлік келіссөздер жүргізуге, маңызды сұрақтарға жауап табуға қолайлы күн. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Тіпті қызметтік роман басталуы да ғажап емес. Өзіңізге ұнаған адамға жақсы ой қалдыратын боласыз.

Егіздер
Бастаған істерді аяқтайтын уақыт келді. Бұрынғы шаруаларды қазір аяқтамасаңыз, кейін көп жұмыстың астында қаласыз. Күтпеген жерден жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін. Қиындықтарға мойымауға тырысыңыз. Жаңа жоспар бойынша әрекет етіңіз.

Шаян
Іскерлік байланыстарды нығайту үшін қолайлы күн. Бұрынғы серіктеріңіз жұмыстарыңызды жандандыруға ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл ұсыныстардан бас тартпаңыз. Жаңа іс күш-жігеріңізді арттырады.

Арыстан
Бүгін қаржылық және тұрғын үй мәселелерін шешумен айналысқан дұрыс. Көптен ойға алған ісіңізді тез арада жүзеге асырыңыз. Барплығы өз қолыңызда. Егер сапарға шығуды жоспарлап отырсаңыз, ол сәтті өтеді.

Бикеш
Сіз үшін өте қолайлы күн. Қолға алған ісіңіздің барлығы жүзеге асып, жолыңыз болады. Көтеріңкі көңіл-күй өмірдің барлық саласында жетістікке жетуге көмектеседі. Сонымен қатар отбасыңызға көңіл бөліңіз.

Таразы
Арандатушылардың жетегіне ермеңіз. Олар сіздің қазіргі күнгі жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайды. Сондықтан жақсылыққа жетелемейді. Сонымен қатар бүгін жаңа іс бастамай, бұрынғы шаруаларды аяқтаңыз.

Сарышаян
Жақындарыңызбен сөйлескен кезде сын айтпауға тырысыңыз. Бүгін өзіңізбен өзіңіз болғаныңыз дұрыс. Шығынға батуыңыз мүмкін, сондықтан қымбат заттар алмаңыз. Үнемшіл болыңыз.

Мерген
Бүгін тек белсенді жандардың жолы болады. Сондықтан белсенділік танытып, өмірге құштар болыңыз. Ақша жинауды көздесеңіз, оны банкке салыңыз. Бірақ бұл жұмысты бүгін істемегеніңіз дұрыс. Тек жоспар құрыңыз.

Тауешкі
Кейбір қиындықтарға қарамастан белсенділігіңізді жоғалтпауға тырысыңыз. Бұл сізге күш-жігер береді.  Сонымен қатар осы іс-әрекетіңізге қарап, көмек қолын созатын жандар табылады. Достарыңызды бағалай біліңіз.

Суқұйғыш
Таңертеңгілік аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Болып жатқан жағдайларға орай тез әрекет етуге, мәселені шешуге тырысасыз. Ойларыңыз бір жерден шығатын адамдар көмек береді.

Балықтар
Жұмысқа қатысты мәселелерді шешіп, ісіңіз өрге домалайды. Жұмысты бірінші орынға қойған адамдар қызметте өсіп, жаңа лауазымға бекітіледі. Бірақ өте сақ болыңыз. Қарсыластарыңыз орға жығуға әрекет ететін болады.

18 маусым 2019 ж. 567 0