Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстаулық мемлекеттік қызметкерлер қызметтік куәліктерін ID картаға ауыстырып жатыр

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметкерлер қызметтік куәліктерін ID картаға ауыстырып жатыр

ÐаңÒÑÑÑаÑлÑÒ Ð¼ÐµÐ¼Ð»ÐµÐºÐµÑÑÑк ÒÑзмеÑкеÑÐ»ÐµÑ ÒÑзмеÑÑÑк кÑÓлÑкÑеÑÑн ID каÑÑаÒа аÑÑÑÑÑÑÑп жаÑÑÑ
Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызметкерлер жаппай қызметтік куәлігін ID картаға ауыстырып жатыр. Бұған дейін олар қызметтік куәліктен бөлек әкімдік ғимаратына кіру үшін магнитті карталарды қолданып келді. Ендігі кезекте осы екі функцияны бір ғана ID карта атқарады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің аты-жөні, лауазымы мен фотосуреті көрсетілген. Қазіргі таңда облыс әкімі аппаратының мамандары ID карталарды пайдалана бастады. Мұндай мүмкіндік алдағы екі айда аудан-қала әкімдіктерінің қызметкерлеріне берілмек. Айта кетейік, ID картаны жасату құны ескі үлгідегі куәлікке қарағанда екі есе арзанға шығады.
Бауыржан Маханов, облыс әкімінің көмекшісі:
– Ескі үлгідегі қызметтік куәліктің бір данасын әзірлеуге 1300 теңге жұмсалады. Магнитті картаны жасатуға кететін 300 теңге тағы бар. Ал осы екі функцияны бірдей атқаратын ID карта 800 теңге тұрады. Ескі куәлік не магнитті карта жоғалған болмаса жаңасына ауыстыруға да екі мыңға жуық қаражат керек. Облыс бойынша үш мыңға тарта мемлекеттік қызметшінің бар екенін ескерсек, ендігі жолы мемлекет қаржысы екі есе үнемделеді.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321985-ma-ystauly-memlekettik-yzmetkerler-yzmettik-ku-likterin-id-karta-a-auystyryp-zhatyr
14 маусым 2019 ж. 491 0