Есімі мәңгі есімде
Үнемі ел назарында болып, айтар ауқымды ойы бар, тындырған толымды ісі бар жандар қай кезде де, қай жерде де болған ғой. Осы тұрпаттағы кісі айтулы азамат, мемлекет қайраткері, өзіміздің Сәкең – Сейілбек Шаухамановпен бір кеңседе, аудандық партия комитеті аппаратында 4 жыл қызметтес болғаныма өзіме-өзім ризамын, орынды мақтанамын. Туған жылымыз да, айы, күніміз де бірдей құрдас едік. Бірақ ол кісінің білім, білігі, сөз саптауы алқалы жиындарда сағаттап сөйлеп, жұрттың беріле тыңдауы соншалық, шыбын ызыңы естілердей болатынын көре отырып мен өзімід бала, ол кісіні дана деп қабылдауға даяр едім. Сәкең не айтса да, не атқарса да барынша ойланып, толғанар еді, сондықтан да ол кісінің айтары анық, тапсырмасы нық шығушы еді.
Сәкең Шиеліге аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып 1983 жылы келді де, алғашқы танысуын дала академигі атанған Ыбырай ақсақалға сәлем беруден бастап, шаруашылықтарға барып, көріп, білісіп, өз ойын жинақтап алды. Алғаш атқарған үлкен шарасы – мемлекетке астық тапсыруға арналған «Қызыл керуен» еді. Шиелі тарихында күріш шаруашылықтарының мемлекетке 100 мың центнер астық өткізуі, аудан бойынша алғаш рет 600 мың центнер күріш тапсыруы да осы Сәкең басшылық еткен жылдары орын алған еді.
Аудан колхоз, совхоздары орталықтарына кіре беріс жолдың екі бетіне ағаш егіп, оны күтіп, баптап, көзге көрінердей жайға жеткізу Сәкең бастаған келелі іс еді, тіпті ауданда бірінші рет гүл өсірумен айналысу ісі де қолға алынып, басқа аудандардан кісілер келіп, үлгі алып жатты. Аудандағы жалғыз мәдениет және демалыс паркі де сол кезеңде өмірге келген еді.
Сәкеңнің бір қасиеті – қай істің де, қай жазудың да көп көңілінен шығуына қатты көңіл бөлуші еді. Бірде аудандық мәдениет үйінде өткізілген іс-шараға өзі қатысып, жиын соңынан аппарат қызметкерлерін өзіне шақырып, өте орынды ескертпелерін айтты. Мен ол кезде аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісімін. Жаңағы айтқан ескертпелерін бір бет қағазға түсірген екен, қарап отырсам бір шара өткізудің өзінен 29 пунктен тұратын кемшілік тауыпты. Бәрі орынды, бәрі дұрыс, бірақ осынша кемшілікті біз қалай жіберіп алғанбыз деп әрі таңдандық, әрі ұялдық, кейін соларды қайталамаудың жолын ойланатын болдық.
Сәкең тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық партия комитетіне өткізілетін пленум немесе салалық жиындарда сөйлейтін сөзіне аса мән беріп ерекше дайындалатын. Тіпті ол сөзді ұйымдастыру бөлімі немесе біздің бөлім дайындағаннан кейін өзіне барлық бөлім басшыларын, бір хатшыны қатыстыра отырып қайта сүзгіден өткізіп, ондағы әр сөз, әр сөйлемге тоқталып, қайта жазылар еді. Қалдыбек (мені солай атайтын) «сен, синоним тап» деп, иығыма қолын салып тұрып, тапсырма береді. Сөз қадірін сезіну, сөз мәніне жауапкершілікпен қарау ол кісіде өте жоғары еді.
Сөйлеген сөз, атқарар іске қатаң талап қоя білу, оның нәтижелі болуына барынша көңіл аудару әрі іске асуына жауапкершілікпен қарауды біз Сәкеңнен үйрендік, солай болуға талпындық.
Сондықтан Сәкең басшылық жасаған тұстағы жұмысымыз барынша қызықты еді, соны осы күнге дейін ұмытпай, еске алып отырмыз.
Қалдыбай Сүгірбай,
зейнеткер.