Ғибратты ғұмыр
Иә, бүгінгі қолыма қалам алғандағы мақсатым жаны даналыққа толы абыз, аты аңызға айналған адам, ширек ғасыр облысымыздың Шиелі, Тереңөзек, Жалағаш, Сырдария аудандарында комсомол, шаруашылық, кеңес, партия органдарын абыроймен басқарып, адал қызмет атқарған, Талдықорған облыстық халық депутаттары атқару комитетінің бірінші хатшысы, облыстық кеңестің төрағасы, облыс әкімшілігінің басшысы, облыс әкіміне дейін көтеріліп, халқына өлшеусіз еңбек жасаған, зейнетке шыққан соң Сыр елі ардагерлерінің басшысына, қамқоршысына, көшбасшысына айналған мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманов жайлы бір үзік естелік айтсам деп едім.
Бір мың тоғыз жүз сексен бірінші жылы Еңбекші совхозының директорлығына тағайындалдым. Абыройсыз болмаған болуым керек, осы совхозды табаны күректей он жыл басқарыппын. Осы жылдары бойымызда қызметке деген жауапкершілік, адамдармен тіл табысу, шопандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, ауданда мал басын өсіруге ынта-жігерімізді аямау, ел үшін, аудан, ауыл үшін адал болу қасиеттері қалыптасты. Оған негізде бар еді. Ол жылдары біздің алдымызда арқа сүйер, өнеге алар аудан басшылары, замандастарымыз болды. Қазақстан Компартиясы Шиелі аудандық комитетінің бірінші хатшысы болған Сейілбек Шаумаханов, халық депутаттары аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Әзімхан Исмаиловтар қандай кісілер еді? Қазір ойласам, олар бізге басшылық жасай отырып, қамқоршы, кеңесші,ұлағатты ұстаз, тілектес, жөн сілтеген, абырой тілеген ағаларымыз болыпты.
Олар бізге еліне, жеріне, отанына істеп отырған қызметін, халықты, адамдарды қалай құрметтеп, қалай сүюді үйретті. Сондай-ақ басшылық қызметтерде болған Жолдасбек Ердешбаев, Константин Хван, Бибіжан Жаукебаева, Абдулла Әбенов, Сайлаубай Әбішев, Насраддин Байқуатов, Жақай Бодықбаев ағаларымыздың қолдауын көріп, ниетін сезіндік десем болады. Бұл кісілер Сәкеннің сенімді серіктестері бола білді. Осы жылдары ауданға келіп, үлкен мекемелерді ұзақ жыл басқарып, еселі еңбек етті. Менің жігіттік шағымнан ақсақалдық шағыма дейінгі дүбірлі өмірім Шиелі топырағында өтіп жатыр. Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атандым, дос таптым, жора-жолдаспен араласамын, осыдан артық маған қандай бақыт керек?
Көзі тірісінде ең ұлы адам саналған Сәкең, бүгінде күн өткен сайын ұлыланып, тұлғаланып бара жатқандай. Сол зор адам туралы естелік айту – мен үшін үлкен мәртебе. Менің маңдайыма ол кісімен ерекше бір сәттерде жолығу бұйырыпты. Аудан басшысы күнделікті колхоз бастықтарымен, совхоз директорларымен жұмыс барысында кездесіп, жиындарда бірге бола беретіні белгілі. Ал оның қадір қасиетін тану үшін онымен аз болса да жеке қалып, не болмаса жол сапарларда болсаңыз, оңаша әңгіме дүкен құрғанда ғана білесіз. Партияның қатаң талабына үйренген басымыз үнемі сақ отырамыз.
Тау халқы атанып кеткен еңбекшіліктер малды ауыл. Жұмыс аяғы бітіп, кеңседен шыға бергенімде телефон шырылдап қоя берді. Аудандық партия комитетінен кезекші жігіт екен, директор Жамалхан Баетов орнында болсын, С.Шаухаманов солай қарай кетті, – деді. Әп сәтте қасында облыстық партия комитетінің хатшысы Николай Артемович Подольских бар Сейілбек Шаухаманов келді. Аман саулықтан соң Сәкең: Николай Артемович шопандардың қысқы жағдайын білгісі келеді, жақын маңдағы бір-екі қойшыңды көрсет, – деді. Қосүйеңкі бөлімше бағытындағы малшы ауылға тарттық. Ғани Байдраманов деген шопанның үйіне түстік. Сәкең қойшының жағдайын сұрап алды да, облыстан келген қонақты таныстырды. Н.Подольских онымен орысша амандасты да, бірден «Кто генеральный секретарь ЦК КПСС?» – деп сұрақ қойды. Ғани ойланбастан «Шаухаманов» деп сарт еткізді. Жанымыздағы адамдардың барлығы күлкіге қарық болды да қалды. Сәкең де, Нәкең де күліп жатыр. Николай Артемович «Ой, ты молодец» деп шопанның арқасынан қағып, Ғаниға риза болғаны сонша Сәкеңді қайта-қайта құттықтап жатты. Сөйтіп қызық болды. Бұл 1986 жылдың желтоқсан айының соңғы күні болатын. Айтқанындай келесі жылы Сейілбек ағамыз Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне жауапты қызметке барып, бір жыл толмай Талдықорған облыстық атқару Комитетінің төрағасы болып сайланған еді.
1987 жылдың 14 мамыр күні болатын. Кенеттен аудандық партия комитенің үшінші хатшысы Қален Әбдешов ағамыз телефон соғып «Ай, Жамалхан, амансыңдар ма? Көктеуің төлге толсын. Бүгін аудан басшысы С.Шаухаманов Еңбекшіге барып, мал төлдету барысымен танысады, сонда қонуы мүмкін. Бас мамандарың болсын, дұрыстап күтіп алыңдар», – деп ескертті. Ешкімге тіс жарғаным жоқ. Ауылдың партия ұйымының хатшысы Серік Сейітжанов екеуміз Сәкеңді күтіп алдық. Кеңсеге кіріп, бас мамандармен сөйлесті. Ешкімді тұрғызған жоқ, жайдары мінезімен жұртты өзіне баурап алып, мал фермасының басшыларымен құрдастарынша пікірлесіп, ай-жай болдық та қалдық. Серік пен мені өз көлігіне мінгізіп алып, Қаратаудың атақты Дарбаза бұлағына қарай тарттық. Мамыр айының орта тұсы мал төлдету науқанының аяқтала бастаған шағы. Дарбазаның біз тоқтап, аялдайтын көгалдау жерін он шақты ер мен әйелдер иеленіп алыпты. Сәкең әрмен қарай баруымызды қалады. Сөйтсек демалып отырғандар Нартай ауылының сауыншылары мен бақташылары екен. Сәкең: Серік, сен сонда да болса барып білші кімдер екен? – деді. Серік солай қарай жүріп еді, демалушылар жан-жаққа бытырап қаша жөнелді. Шамасы аудан басшысының көлік нөмірін байқап қалған болуы керек. Енді не болды деп тұрғанда Сәкең «Қой, сонда барайық, дастархандарынан дәм тартайық. Ұят болды-ау, олардың отырысының шырқын бұздық-ау», – деп өкінішін де білдірді. Барсақ дастарқан үсті жайнап тұр: бауырсақ, ірімшік, құрт, сары май, піскен ет. Дәмнен ауыз тиіп болған соң. Сәкең тағы да: «Еңбек адамдарының дастарқаны ғой, оны аттап өтуге болмайды», – деді. Серік Дарбазаны жаңғырта: Біз кеттік, демала беріңіздер, – деп бірнеше рет айғайлады. Таудың теріскейіндегі Ақбұлақтан нәр алып тұрған даладағы бау-бақша алыстан көз тартады. Бұл Ұлбала Алтайбаеваның алма бағы. Төрт түрлі алма сорттары егілген алқап жайнап тұр екен. Табиғаты ғажап, жер жәннаты Ақбұлақтың басына №2 ферма меңгерушісі Ыдырыс Жүсіпов киіз үй дайындап, Сәкеңді, Ұлбала мен Сұлтанханды ортаға алып, бүкіл ферма меңгерушілері, мал шаруашылығының бас мамандары малшылар жайында ұзақ түнгі әңгіме-дүкен құрған Сәкеңнің ерекше даналық, шешендік, білімділік, қазақтың салт-дәстүрлері мен тарихын жетік білетін ғұлама екендігін аңғарған, соның куәсі болған қайталанбас түніміз болды.
Таңертең ары қарай жолға шығып, Ақсүмбе жақтағы Қылышқара тауының беткейіндегі екі бірдей «Даңқ» орденінің иегері, ауданның атақты шопаны, Мұсылманқұл Байкенжеевтің жайлауына бардық. Сол маңдағы бүкіл қойшылар жиналып, Сәкеңнің келгеніне қуанып, рақметін айтып, ол кісіні көріп, бір жасап қалғандарын айтып, ағынан жарылды. Сәкең ұстамды, қарапайым, қанша жылы сөз, мақтау естісе де сыр бермейді. С.Шаухаманов көтеріңкі көңіл күйде осы жерде жиын өткізіп, шопандардың дүз даладағы еңбектеріне тоқталып: Мен сіздерді еліміздің алдыңғы қатарлы азаматтары деп есептеймін, солай санаймын – деп қуанышқа кенелтті. Осылай жиналған қауыммен қоштасып, Ақбикеш мұнарасына тәу ете кетейік деді. Биік таудың басында орналасқан Ақбикеш күмбезіне көтерілдік, Сәкең ішіне кіріп, айнала сипап шығып, жай дыбыспен сыбырлап дұға жасап, екі қолымен бетін сипап, имандылық жолын жасады. Қалтасынан майда теңгелерін шығарып, тастың астына қойды. С.Шаухаманұлы осы сапарында ферма меңгерушілері Ерғали Ишанқұлов, Ыдырыс Жүсіпов, Мінуарбек Дауренбеков, алдыңғы қатарлы шопандарымыз Мұсылманқұл Байкенжеев, Нәшімхан Сәденов, Жұман Жүсіпов, Шерехан Мусабаев, Әлжан Мадиев, Әбдрахман Өмірәлиев, Төлеген Оспановтармен жүздесіп, Шиеліге келгенше солардың ерен еңбектерін айтумен болды. Еңбекшіден түсіп қалмақшы болып едім, Сәкең «Бүгін алаңдағы гүл дүкеніне көп гүл әкеле жатыр, соны бірге барып көрейік, сосын қайтарсың», – деді. Аталған дүкен іші гүлге толы жайнап тұр екен, одан шыға бергенде үйге кіріп шық, біздің Жұпаркүлдің шәйі даяр болып қалған шығар, бір-екі кесе шәй іш деп, мені үйіне алып кірді. Дастархан үсті толы гүл, ортада үлкен торт, бетіндегі «Папа, туған күніңізбен» деген жазуды көзім шалып қалды.
Сейілбек Шаухаманов көп ұзамай қызмет бабында жоғарылап, естелік болып қала берді. Еңбек адамдарының, қарапайым халықтың мерейін көтерген Сейілбек ағамыздай данагөй кісімен бірге болу қандай бақыт, қандай абырой. Халқымыздың аяулы перзенті тірі болғанда Шиелі тұрғындары оның 80 жасқа толған мерейтойын тойлап жатар еді. Аллаға не шара. Сейілбек Шаухаманұлының өнегелі өмір жолы, еліне сіңірген ерен еңбегі мен оның жарқын бейнесі елінің есінде, әсіресе, Шиелі ауданының халқы жадында ұзақ уақыт сақталатын болады. Осындай ірі тұлғаны ұрпағымыз, болашақ жастарымыз біліп жүрсін деген ниетімді қағаз бетіне түсірдім.
Жамалхан Баетұлы,
еңбек ардагері,
Шиелі ауданының «Құрметті» азаматы.