Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодар облысында зиянды шөппен күресудің механизмі әзірленеді

Павлодар облысында зиянды шөппен күресудің механизмі әзірленеді

ÐÐ°Ð²Ð»Ð¾Ð´Ð°Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда зиÑÐ½Ð´Ñ Ñөппен күÑеÑÑдÑÒ£ меÑÐ°Ð½Ð¸Ð·Ð¼Ñ ÓзÑÑленедÑ
Ертіс өңірінде зиянды циклахена өсімдігімен күресу бойынша кешенді жоспар әзірленбек, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы тұрғындарды алаңдатқан мәселеге құлақ асқан облыс басшылығы мәлімдеді. Ғылыми тілде циклахена, қазақшаласақ ойран шөптің адам ағзасына аллергиялық зияны бар. Қаулап өсетін өсімдіктің ұзындығы үш метрден асып кетеді және өте тез көбейеді. Бұл шөпті малға азық ретінде де пайдалануға болмайды, себебі улы. Енді осы мәселенің түйінін тарқатуға облыстың мемлекеттік мекемелер атсалысады. Аймақ басшысы Болат Бақауов жауапты мамандарға зиянкес шөп тараған аумақтың көлемін анықтап, күресу жолдарын қарастыруды тапсырды. Бұл іске ғалымдар да атсалысады. Әзірге күресудің механикалық және химиялық әдістерін қолдану жоспарланған. Еске салсақ, циклохена зиянды шөптердің «қара» тізіміне енген. Өңірде бұл мәселе 20 жыл бойы көтеріліп келеді. Қазақстанға өткен ғасырдың 90-жылдары әкелінген деген мәлімет бар. Болат Бақауов, облыс әкімі: - Әр әкім бұл мәселенің барын және өсімдікпен күресу керектігін түсіну керек. Оларға зиянкестің өсікен аумағын анықтауды тапсырдым. Кейін ақылдаса келе, күресу жолын белгілеймін. Мәселені тез арада шешуге тырысамыз. Татьяна Понаморева, биолог: - Аллергиялық зияны зор. Бұл өсімдік гүлдегенде, тозаңы ауаға таралады. Кейін адамдар зардап шегеді. Бір өсімдік үш мың данаға дейін тұқым шаша алады. Бүгінде циклахена тараған жер аумағы өте үлкен. мәселен, бұл жердегі аумағы 20 гектарды құрайды. Шөп карантинді өсімдіктер тізімінде болмағандықтан, күрес жүргізілмейді. Бірақ зияны көп.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321229-pavlodar-oblysynda-ziyandy-sh-ppen-k-resudi-mekhanizmi-zirlenedi
11 маусым 2019 ж. 711 0