Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодар облысында тыйым салынған жерлерде шомылғандар айыппұл төлейді

Павлодар облысында тыйым салынған жерлерде шомылғандар айыппұл төлейді



Павлодар облысында тыйым салынған жерлерде шомылғандар 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлемек, деп хабарлайды «Хабар 24». Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Павлодар облысының әкімдігі осындай қаулы қабылдады. Аймақта 17 коммуналдық жағажай бар. Оның төртеуі облыс орталығында болса, қалғандары аудандарда орналасқан. Бұдан былай, тұрғындардың өздері қалаған жерде суға түсуіне жол берілмейді. Адам өміріне қауіпті барлық апатты жағажайларды полиция жасағы бақылауға алады. Өткен жылы өңірде 24 адам суға кеткен. Олардың 8-і – бала. Суға батқандардың көпшілігі спирттік ішімдікті пайдаланған және апатты жағажайларда суға түскен. Ертіс өңірінде шомылу маусымы ресми түрде келер айдың бірінен басталады. Самат Асайынов, облыстық ТЖД басшысының міндетін атқарушы: – Әкімшілік кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған жерлерде суға шомылу әкімшілік заң бұзушылыққа жатады. Бүгінгі таңда аудандар мен қала әкімдері арнайы белгілерді орнату жұмыстарын қолға алды. Біз оларды тексеріп, рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

www.24.kz
30 мамыр 2019 ж. 1 207 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930