Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның адамдығы өзін-өзі билей алуында

Адамның адамдығы өзін-өзі билей алуында


Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге:
–Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, - дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы:
–Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің? Меңаяқ өз атының басын ғана емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейд. Оған Абай:
–Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, - депті.
Ойлағандарыңыз – тағдырыңыз
Ойлағаныңыз оң болсын,
Өйткені ойлағандарыңыз сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын,
Өйткені сөздеріңіз әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын,
Өйткені әрекетіңіз әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын,
Өйткені әдеттеріңіз құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз оң болсын,
Өйткені құндылығыңыз тағдырыңыз болады.
Дереккөз: «Кемел» аудармалар жинағы,
Мырзакелді Кемел
03 маусым 2019 ж. 2 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031