Қадір түнінде баспаналы болған көпбалалы әке қуанышын жасыра алмады
Түркістан облысы Түлкібас ауданында қайырымды жандар мүмкіндігі шектеулі көпбалалы әкеге баспана кілтін табыстады. Бұған дейін Демешовтер отбасы Түлкібас кентінде пәтер жалдап күнелткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Үш қыз, екі ұлдың әкесі Ғалымжан Демешов 1-ші топтың мүгедегі. Басындағы қатерлі ісікке жасалған отадан соң бір аяқ, бір қолы жансызданып жүруден қалған.
Ал көпбалалы жанұяға күн көру тіптен қиындап, жұбайы көмек сұрап аудандық әкімдікке жүгінген.
Өз кезегінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және республикалық "Харекет" қорының қолдауымен Демешовтер отбасына Шымкент қаласындағы орталық мешітте Қадір түні жаңа үйдің кілті табыс етілді.
Сонымен қатар бұл отбасыға аудан әкімшілігі тарапынан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, "Өрлеу" бағдарламасы, шартты атаулы әлеуметтік көмек және 2015-2019 жылдар аралығында шартсыз атаулы әлеуметтік көмектер көрсетіліп келген.