Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас серілер сынға түсті

Жас серілер сынға түсті

Еңселі еліміздің ерекше мерекелерінің бірі – Ұлы Жеңістің 74 жылдығына байланысты «Думан» балабақшасының жас бүлдіршіндері арасында «Жігіттер сұлтаны» сайысы өтті. Байқауға бар өнер бойынан табылатын «Абзал» тобының 7 серісі қатысты. Аталмыш сын желісімен жігіттер «таныстыру», «өнер», «сұрақ-жауап» және «спорт» кезеңдері бойынша өзара сайысқа түсті. Ата салтын ардақтайтын, өз елін шынайы сүйер нағыз қазақ оғланының қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу осынау шараның негізгі мұраты болғандығы сөзсіз.
Топ жетекшісі Г.Асанқызының ұйымдастырумен өткен шара балаларды елін-жерін сүюге, қорғауға баулиды. Сондай-ақ, тәрбиенің алғашқы ошағы да осы балабақшадан басталары анық. Шара соңында сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің сұлтандары арнайы грамоталармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Гаухар БАЙЖАНОВА,
«Думан» балабақшасының тәрбиешісі.
21 мамыр 2019 ж. 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930