Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Құрманың пайдасы

Құрманың пайдасы


Құрманы уақытылы жеу қандағы холестериннің төмендеуіне ықпал етеді, яғни, жүрек-қан тамырлар аурулары қаупінің азаюына көмектеседі. Сонымен қатар, құрма қандағы pH деңгейін төмендетеді және қартаю процесін баяулатады. Ислам елдерінде Рамазан айында ауыз ашуға жейтін алғашқы тағамның адам ағзасына тигізер пайдалы қасиеттерін ұсынамыз. Құрма сұрыптары Құрманы өндіру және сату бойынша Сауд Арабиясы әлемдік көшбасшы болып табылады. Құрма – Ирак, Арабия, Солтүстік Африка және Мороккодағы ауылшаруашылық дақылы. Алайда құрма пальмалары әлемнің басқа аймақтарына да жеткізіліп, қазір АҚШ (Калифорния), Мексика, Австралия, ОАР және басқа да елдерде өседі. Финик пальмасы Парсы шығанағынан шығып, біздің заманымызға дейін 6000 жыл өсірілді деп саналады. Ол өте ірі және ұзын жапырақтары бар биік ағаш. Сопақ цилиндр пішінді піспеген жемістердің сұрыбына байланысты олардың ашық қызыл түстен ашық сары түске дейінгі түрлері болады. Жемістің ішінде ұзын дәнегі бар. Құрманың 1500-ден аса сұрыбы кездеседі. Құрмалар жұмсақ, жартылай құрғақ және құрғақ болып бөлінеді. Құрғақ құрмаларда ылғал аз, ал жұмсақ және жартылай құрғақ құрмаларда ылғал көбірек болғандықтан, олар жылдам бұзылады. Сонымен қатар, піскен жеміс құрамындағы қант түріне байланысты құрмалар былай бөлінеді: инвертті қанты бар (декстроза және глюкозасы бар) құрма және құрақ қанты бар (сахарозасы бар) құрма. Жұмсақ құрмалардың көпшілігінде инвертті қант, ал құрғақ құрмалардың көпшілігінде құрақ қанты болады. Құрманың пайдалы қасиеттері Ғалымдардың айтуынша, күніне 10 құрма жеу адамды магний, мыс, күкірт және темірдің тәуліктік қажеттілігімен қамтамасыз етеді екен. 100 г құрманың құрамында су, ақуыз, майлар, көмірсулар, қанықпаған май қышқылдары, моно және дисахаридтер, органикалық қышқылдар бар. Сонымен қатар, ол дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Оның калориясы – 274 ккал. Құрмалар бұрыннан өзінің емдік қасиетімен танымал. Финик пальмаларының жемістері адамға күш береді және өмір ұзақтығын арттырады деп саналған. Олар жүрек, бауыр және бүйректі нығайтады, ішекте пайдалы бактериялардың дамуына ықпал етеді, ағзадағы қышқылды тепе-теңдікті сақтайды және ағзаның түрлі жұқпаларға қарсы тұруына көмектеседі. Сонымен қатар, құрма қаназдық пен гипертонияға (жоғары қан қысымы), өкпе аурулары мен ми жұмысына пайдалы. Құрманың диеталық қасиетін астық дақылдармен салыстыруға болады. Диетологтардың айтуынша, бір құрма мен бір стақан сүт адамның құнарлы заттарға деген минималды қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Құрмада бар аминқышқылдардың 23 түрі басқа жемістердің көпшілігінде жоқ. Құрманың кепкен жемістерінде қанттың 60-65%-ы бар, бұл басқа жемістермен салыстырғанда ең үлкен көрсеткіш болып келеді. Алайда, ол көбінесе глюкоза мен фруктоза, оларды қолдану сахарозамен салыстырғанда адам ағзасына кері әсерін бермейді. Дегенмен, қант диабеті бар және семіздікпен қиналатын адамдарға құрма жеуге тыйым салынады. Құрманы қалай жеген дұрыс? Құрманы жүктілерге және бала емізетін әйелдерге жеу ұсынылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, құрманың құрамындағы ерекше ынталандырғыштар жүктілік мерзімінің соңғы айларында жатыр бұлшықеттерін қатайтады екен. Яғни, әйел жеңіл босанады. Сонымен қатар, құрма ана сүтін дәрумендермен байытады. Құрма құрамындағы ерекше элементтер әйелдерде босанғаннан кейін болатын күйзелістен арылуға көмектеседі. Балғын құрма тоңазытқышта жақсы сақталады, сол үшін оларды жыл бойына сатады. Ол қыркүйектен мамыр айына дейін, әсіресе, қараша айында көбірек болады. Құрмадан емдік шәрбат дайындалады. Ол иммунитетті көтереді. Құрма шәрбатын биологиялық белсенді қосымша ретінде қабылдау ұсынылады. Құрмадан пайдалы кәмпит жасауға болады немесе кепкен жемістер қосылатын бәліш пісіруге болады.

Massaget.kz
20 мамыр 2019 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (8714)

16 тамыз 2019 ж.

№62 (8713)

13 тамыз 2019 ж.

№61 (8712)

10 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам