Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстiк Қазақстанда 15 мың гектар аумаққа соя егiледi

Солтүстiк Қазақстанда 15 мың гектар аумаққа соя егiледi


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста аграрлық секторды әртараптандыру жалғасуда. Биыл диқандар соя еге бастайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады. 

«Өңiрде 1 млн га майлы дақылдарға бөлiнген. Биыл 15 мың гектар аумақта соя өсiре бастаймыз. Тұқым бар, арнайы техника алынды. 2020 жылға 150 мың га межесiн қойып отырмыз. Соя топырақты байытады. Соядан кейiн бидай жақсы өседi. Сөйтiп, бiз ауыл шаруашылығын әртараптандырамыз», - дедi Құмар Ақсақалов. 
Сондай-ақ өңiр басшысы 40 ауылдың iшiнде 214 шақырым су тарату жүйесiн салуға қосымша қаржының табылғанын атап өттi. Барлығы 400 су құдығы қойылады. Осы жұмыстың арқасында ауыл тұрғындары үшiн ауыз су қол жетiмдi болады. Ауылдарда биыл 500 үй салынады. Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне баспана салу жұмыстарын қарқынды жүргiзді тапсырды.
 
16 мамыр 2019 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930