«Әлеуметтік қамқорлық» жаңа деңгейге көтерді
«Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік жағдайына тоқталып, мұқтаж жандарға көмек көрсетілуі тиіс екенін ескерткен болатын. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мәселесін қайта қарауды ұсынып, әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырамын деді. Осы орайда Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамалары елімізді жаңа деңгейге көтеруде. Бұл бастамалар жүзеге асып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасының артуына үлкен серпін беруде.
Елімізде халықтың әлеуметтік құрамы әркелкі екені белгілі. Мемлекеттің тірегі орта тап десек те олардың үлесі әлі тым төмен. Ал осы халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына жататындар мемлекет тарапынан көмекке мұқтаж. Мұндай әлеуметтік қорғау қызметін пайдалану ел Конституциясының 28-бабында кепілдендірілген. Мемлекет өз азаматтарының еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы немесе асыраушысынан айрылуы, қарттық, бала күтімі, уақытша жұмыссыздық жағдайларында арнайы әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл қазіргі заманғы әлеуметтік бағдарламаның кез келген мемлекетке тән үрдісі.
Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын халыққа түсіндіру жөніндегі жұмысшы топ сәуір айының басында Сыр өңіріне сапарлаған болатын. Шарада «Әлеуметтік қамқорлықтың» орындалу барысына кеңінен тоқталып, жиында түсіндірме жұмыстары жүргізілген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев: «Елбасы тапсырмасына сәйкес, биыл шілдеден бастап бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін, оның ішінде ең төменгі жалақы алатындардың еңбекақысы орта есеппен 15-тен 30 процентке өседі. Осылайша, кем дегенде 1 млн-нан астам адамның жалақысы көбейеді. Слесарь, сантехник, электрмонтер секілді жұмысшылардың табысы орта есеппен 25 процентке өседі. Оған қоса, ауылдық, қалалық әкімдіктерде халықпен тікелей байланыста еңбек ететін қызметкерлердің еңбекақысы көтеріледі. Болжам бойынша олардың саны 75 мыңнан жоғары», – деген болатын. Осылайша жақсы әрекет арқылы оң істер қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта халықта игі шарапатын көрері анық.
Соңғы уақытта көпбалалы отбасылардың мәселесі жиі көтеріліп, оң шешіммен орындалып келеді. Бас кезінде «жаңа жәрдемақы қай санаттағы азаматтарға беріледі?» деген сұрақ басым болды. Алайда, заң бойынша ондай көмек, тұрмысы төмен барлық отбасыларға берілуі шарт. Тапсырма да солай. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін аз қамтылған көпбалалы және жағдайы төмен отбасы да алуы қажет. Ал жағдайы төмен отбасының қатарына бір баланы бағып отырған жалғыз басты ана да, екі баласы бар, бірақ жұмыс таппай жүрген ата-аналар да кіруі мүмкін. Сонымен, аудан бойынша мамыр айына дейін 619 отбасы әлеуметтік көмекті алса, бұның қатары әлі де толықтырылуда. Бұл да болса қаншама отбасының үміт отын жағып, күнкөріс деңгейін сәл де болса жоғарлатуға ықпалын тигізгені ақиқат.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қосымша 3,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл 470 пәтерлік 10 үй салуға мүмкіндік береді. Жалпы, биыл облыста 1966 пәтерді құрайтын 45 көпқабатты баспана салынбақ. Олардың басым бөлігі мұқтаж азаматтарға бөлінеді. Елімізде қабылданып жатқан түрлі бағдарламалар арқылы, көпбалалы аналардың жағдайлары біршама жақсарып та қалғаны жасырын емес. Осылайша, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдауларды күшейту шаралары кешенді түрде кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Әлбетте, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларын қолдау олардың әл-ауқатын көтерудегі айтулы қадам болмақ. Халықтың тұрмысын жолға қою – ел ішінің бүтіндігі мен амандығының кепілі, уақыттың өзі осы өзгерісті керек қылып отыр.
Ж.ҚАУҒАНБАЕВА.