Тылдағы табандылық
Өскелең ұрпақ кешегі қан майдан уақытында жаумен арпалысқан ер-азаматтарын азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, еңбекпен ұйықтап, еңбекпен оянған, осынау елді егемен қылған тыл ардагерлерін естен шығармауы керек. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде сағы сынбай, жігері жасымай еңбек еткен ерендеріміздің ерлігін мәңгі есте сақтау бейбіт ұрпақтың парызы десек те артық болмас.
«Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы. Майдандағыларды азық-түлікпен және басқа да шикізаттармен елдегі қарттар, әйелдер, жас жеткіншектер қамтамасыз етіп отырғаны бізге белгілі. Бұның барлығы қазақ халқының ұйымшылдығы, табандылығы, шыдамдылығы деп білуге болады. Соғыстағы жеңіс өзіне де, өзгелерге де талап қоя білген, қолына жүректілікпен қару алған қолбасшылар мен солардың тілеуін тілеп, қолғабыс бола білген тыл қызметкерлерінің ерен еңбегі.
Сұрапыл соғысқа Шиелі жұрты да қолдарынан келген көмегін біркісідей көрсете білді. Бұл туралы Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабында да бірқатар көріністер бар.
– Комиссарлары Советінің дивизияға жолдаған хатын алып, майданға қайттық. Сөйтіп біз 60 тонна күріш пен 40 тонна балық алып, Қызылордадан майданға оралдық, – деп жазады жазушы. Бұл тұста қан майданға қызылордалықтардың үлесі мол екенін, жауынгерлер де, тылдағы еңбекшілер де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанын көруге болады. «Соғыс» деген суық сөзді ести сала қызылордалықтар да өзге тылдағы еңбеккерлер сияқты қорғаныс қорын ұйымдастырып, майданға көмек берді. Жас балғындар ерте есейіп, қолдарына қару алып, майданға аттанған ағалары мен әкелерінің орнын жоқтатпады.
Сонымен қатар 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Құрман» колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 га-дан 155,8ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, одан кейін 1945 жылы 1 га-дан 202 ц. болып, алғашқы көрсеткішін бірнеше рет қайталап отырды. Шиелі ауданы «Авангард» колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Ал күріш егуші Ыбырай Жақаев 1 га-дан 172 ц. күріш алып, рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған ақшасын 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. Яғни тылдағы еңбек майталмандары күн-түн демей, тоқтаусыз жұмыс жасады. Еңбекерлері елде қарап жатпай, соғысқа аттанған майдангерлерге өзіндік қолғабыстарын осылайша білдіріп, сүбелі үлес қоса білді. Қазіргі тыл ардагерлері сол кездегі мектеп оқушылары еді.
Жеңіс – батырларымыздың қайтпас қайсарлығы мен жанқиярлық ержүректілігінің арқасында, тылдағы тоқтаусыз табандылықтың аясында келген нәтиже. Жаңа өмірдің бөлінбес бөлшегіне айналған бейбітшілік мәңгілік болғай.
Фариза КЕНЖЕШОВА.