Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрекендеудің өзегі –заманауи өнеркәсіп

Өрекендеудің өзегі –заманауи өнеркәсіп

Еліміз ширек ғасырда нарықтық экономика қағидаларына  негізделген іргелі мемлекет құрып, дамуы қарышты, қадамы нық мемлекеттердің сапына енді. Ендігі үлкен асу–төртінші өнеркәсіптік жаңғыру. Жолдаудың тақырыбынан көрініп тұрғандай, бүгінгі қоғам да, мемлекет те, тіпті адамзаттың санасы да кезекті өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа сатысына аяқ басуда.
Тәуелсіздік алған ширек ғасырда мемлекетіміз әлемдік аренада үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Елбасы Жолдауда көрсеткен адамзат жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқан кезеңде еліміздің алдыңғы кезеңдегі жаңғыруы арқылы елімізде бұған алғышарттар жасалып, мызғымас негіз қаланды. Мұнымен қоса, бүгінде халықаралық ахуал да қарқынды сипат алуда. Елбасы Жолдауындағы «Заманауи технологиялар дүниені өзгеріске ұшыратуда. Жаһандық технологиялық ілгерілеушіліктер өзімен бірге сын-қатерлерді де, слндай-ақ өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келуде». Осының негізінде жаһанды жайлаған интеграциялық, экономикалық және геосаяси үдерістердің беделді әрі белді қатысушысы болып саналатын Қазақстан да басты әлемдік трендтерге сай дамудың өзіндік жолын қалыптастыруда.
Елбасы Жолдауда айтылған жайттар жай ғана өнеркәсіптік модернизация емес. Технологиялық, сандық, индустриялық өрекендеудің өзекті тұстары қамтылған басты құжатта сан-сала бойынша жақын болашақта мемлекетіміздің жүрер жолын айқындап берді. Мұнда белгіленген міндеттер Н.Назарбаевтың жаһандық қатерлерге де берген жауабы іспетті. Елбасы алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндетті атап көрметкен. Сөзімді нақтылар болсам, индустрияландыруда жаңа технологияларды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді қарқанды түрде алға бастыру үшін «ақылды технологияларды» қолдану, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін одан әрі арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу секілді мәселелердің қай-қайсысы да бүгінгі қоғамда ерекше маңызға ие. Осы алдымызға қойылған кешенді міндеттердің көшін сандық технологиялар бастап тұруы бекер емес. Заманауи технологияларды ел өмірінің басым салаларына енгізу арқылы экономикалық дамудың жаңа моделін жасау–бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда қандай қаржы болса да, сұрауы бар. Елбасының тапсырмасы бойынша мемлекет бүкіл Қазақстан бойынша жаңа бағдарламаларды қолға алуға миллиардтаған сомаларды бөлетін болады. Сонымен қатар, индустриялық салада жаңа толық кешенді салалар пайда болатыны туралы айтты. Осындай күрделі тапсырманы алдымызға қойып отырғандықтан өаражат мейлінше тиімді игерілуі тиәс. Әр жобаның нақты мерзімі, бақылау индикаторы көрсетілуі маңызды.
Қорыта айтқанда, Елбасымыздың биылғы Жолдауы да бірлігі бекем еліміздің асқаралы асуларға жеткізіп, жарқын болашақтың бағдарына айналатындығына сенім кәміл.
Ғазиз
СЕЙТОВ,

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
30 қаңтар 2018 ж. 2 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930