Сырдың Қараторғайы
Естеріңізде болса аудандық «Өскен өңір» газетінде біршама уақыт бұрын Нартай Бекежанов атындағы өнер музейінің қор сақтаушысы Нұрдәулет Нақыповтың «Сырдың Қараторғайы», ал, 2019 жылы 7 наурыздағы санына ақпарат саласының үздігі Нұрмахан Елтайдың «Қанатын алғаш Шиеліде қаққан» деген мақалалары шықты. Осы мақалаларды оқып отырып мен де Шолпан Жанболатқызы жайлы ойыммен бөлісуді жөн көрдім.
Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен де тануы қажеттігін атап өтеді. Өйткені қазақ – әлем елдері ішінде өнерге бай халықтың қатарында.
Сыр өңірінде де өнерімен талайды тәнті еткен небір дүлдүлдер өткен. Солардың бірі – Шолпан Жанболатқызы. Ол – жастайынан ақындығымен, әншілігімен аты шыққан өнер иесі. Ш.Омарова 1911 жылы Ташкентте өткен Түркістан өлкесінің ақындары мен әншілерінің жиынында өнерімен дараланады. Сол жолы өзінің орындауындағы «Қараторғай», «Айгөк», «Ахау, Семей» секілді әндерді грамофон күйтабағына жаздырды. Бұл қазақ ән-күй өнері тарихында грамофонға басылған тұңғыш дауыс болатын. Ол туралы жазушы Айтбай Хангелдин 1970 жылы «Қараторғай» атты повесть жазды.
Шолпан (Қараторғай) Жанболатқызы шамамен 1880 жылдары Шиелі ауданына қарасты Телікөл ауылында өмірге келген. Бізге белгілі дерек көздеріне сүйенсек, 1923 жылы Шымкентте қайтыс болған. Әкесі Жанболат – көшпелі шаруа, қарабала найман руынан, Шолпанның анасы Жанқызы – жеті ру шашты, оның ішінде Айдарғазы Шегірбек деген кісінің қызы.
Әңгіме арқауына айналған «Қараторғай» А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әнінде» жарық көрген. Ш.Омарованың әншілік өміріндегі айрықша құнды, халық қазынасын сақтаудағы аса бағалы әні – «Қараторғай». Бұл әнді өнерсүйер қауым «Сырдың Қараторғайы» деп те атайды. Өйткені Ақан серінің «Қараторғайы» да қазақтың жалпақ даласына кең жайылған, Үкілі Ыбырайдың да «Қараторғай» атты әні болған. Солармен шатастырмас үшін ел бұл әнді «Сырдың Қараторғайы» деп әрі айрықшалаған, әрі мақтанышпен дәрежелеген.
Мен өзім Сырда өстім, Сырда тудым,
Жасымнан осы өнердің жолын қудым.
Жалындап жайнап кетер әдетім бар,
Үстінде көңілашар тоймен дудың.
Бұл әнім Түркістанға мәлім деймін,
Ташкентте губернатор той қылғанда
Сондағы салып берген әнім деймін.
Осы бір шумақ өлең арқылы біз Шолпан апамыздың 1913 ж Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына орай ән салғанына толық сеніп отырмыз. Бүгінде Сырдың Қараторғайы – Шолпан апамыздың дүниеден өткеніне тоқсан бес жылдан асып барады. Тұңғыш Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде ұлттық құндылықтарға тағы да мән берілу керектігін еске салды.
Кеңес үкіметі кезінде әншіні де, әнді де жариялай алмадық. Дегенмен халық барда қазақ әні жоғалған жоқ. Қазіргі таңда Шолпан Жанболатқызының бірлі-екілі әнін халық әні болып анда-санда радиодан естіп жүрміз. Байқасақ алдымыздағы жылы апамыздың туғанына 140 жыл толады. Осыған орай аудандағы тиісті бөлім басшылары, ардагерлер мен ауыл әкімдіктері, мектеп ұжымы Шолпан Жанболатқызының қазақ өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегін қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпақтың бойына сіңіруге үлес қосса дейміз.
Әмірхан Төребеков,
кент тұрғыны.