Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көздің қызаруы ненің белгісі?

Көздің қызаруы ненің белгісі?

ÐөздÑÒ£ ÒÑзаÑÑÑ Ð½ÐµÐ½ÑÒ£ белгÑÑÑ?

 Көз алмасының бетін алқызыл қан тамыр торлары жайлап алды ма? Егер көздің қызаруы түн жарымға дейін интернетте отырудың немесе темекі түтінінің ортасында жұмыс істеудің салдарынан болса, ұйқыңызды қандырып, бөлмені желдетіп, таза ауада серуендеп қайтқан жөн. Бірақ, көп жағдайда көздер мұндай қарапайым себептерден қызармайды. Тамышлардан абай болыңыз! Егер көз алмасының бетіндегі ұсақ қан тамырлары кәдімгідей кеңейіп кетсе, бұл шырышты қабықтың құрғақтығынан, денеге салқын тигендіктен немесе аллергиялық реакциялардан болуы мүмкін. Қалай болғанда да, байбалам салудың қажеті жоқ: көздің аздап қызаруы – қалыпты жағдай. Бүгінде көздің қызарғанын кетіретін тамшылардың түр-түрі бар. Алайда офтальмологтар көз тамшыларына бірден жүгінбеуге шақырады. Көз тамшыларын аса қажетті жағдайда ғана пайдалануға тырысыңыз. Өйткені, көз тамшыларын ұзақ уақыт және шамадан тыс көп  пайдалану сол дәрі-дәрмекке байлап тастауы мүмкін, оның үстіне препараттың кейін әсері де күн өткен сайын төмендей береді. Егер сізді «құрғақ көздер» синдромы мазаласа, онда дәріханаларда сатылатын жасанды жасты пайдаланыңыз. Бұл қабақ астындағы «құм», дызылдау және шаншу сияқты жағымсыз әсерлерден арылтады. Мониторға жабысқандар... Егер күн сайын монитордан бас алмай жұмыс істесеңіз, көздеріңізге күш түсері анық. Олай болса, көздер бәрібір қызармай қоймайды. Сондықтан оларды жиі демалдырып тұрыңыз. Гигиеналық нормативтерге сай, компьютер алдында жұмыс істеген әр 45 минут сайын 10-15 минут демалу керектігі жайлы бірнеше рет айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ бұл медициналық кеңеске құлақ түретіндер кемде-кем. Демалғанда жұмыс орныңыздан тұрмай, селқос халде емес, белсенді түрде демалу керек. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса, шыныңызға шай құйып, терезеге қарап, ақырындап шай сораптаңыз. Мұндай үзіліс үшін көздеріңізге тіл бітсе, сізге мың мәрте рақмет айтар еді. Ұзақ уақыт бір орында қозғалмай отыру қан айналымына кері әсер ететіні анық, ал бұл өз көзегінде көз қан тамырларына да әсер етпей қоймайды. Сол себепті, монитордан басыңызды көтеріп, жиі демалыңыз, далаға шығып, жүріп-тұрыңыз. Егер бұл аллергия болса... Көздер өзінен-өзі қызармайды, бұған кейде аллергиялық реакция себеп болуы мүмкін. Ағза неге қатты сезгіш екенін анықтау үшін аллергологиялық тестен өту қажет. Бұл үй жануарларының жүніне, зеңге, қандайда бір гүл аталығына, косметика құрамына, мақта-маталарға, аң терісіне және тағы да басқа себептер болуы мүмкін. Айта кететін нәрсе, ағза көз линзасына да аллергия беруі мүмкін. Мұндай жағдайда басқа өндіруші компанияның линзасын пайдаланып көруге болады. Егер жағдай қайталана беретін болса, қарапайым көзілдірікке көшу керек немесе көз көру қабілетін арттыратын лазерлік коррекция сынды операцияларды қарастырып көрген жөн. Басқа себептер А дәруменінің жетіспеушілігі де көздің қызаруына себеп болуы мүмкін. Сәбіз, орамжапырақ, салат жапырақтарын, бауыр және теңіз балықтарын, кілегей, қышқыл сүт өнімдерін жиі пайдалануға тырысыңыз. Қатты жел және аязды күн де көздің қызаруына себеп болады. Ащы темекі түтіні немесе көп мөлшерде ішімдік ішуден, жұмысбастылықтан көздің қызарып шығатыны айтпаса да түсінікті. Көздің қызаруы кезінде не істеуге болады? Әлбетте, бет пішінінің сұлулығына қызыл көздер кері әсер етеді. Әсіресе, романтикалық немесе іскерлік кездесу алдында көздердің қызарып кетуі ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жағдайда суық компресс көмекке келеді. Шүберекті суық сумен сулап, қабағыңыздың үстіне қойыңыз. Немесе кішкене текше мұзды бет орамалға орап, қабағыңыздың үстінде 20 минуттай ұстаңыз. Тамырлар тарылып, білінбей қалады. Шаршаңқы көздерді картоп жақсы сергітеді: шикі көкөністің бір тілімін қабағыңыздың үстінде бес минуттай ұстаңыз. Егер айтылған кеңестің ешқайсысы пайдасыз болып, көзіңіздің қызарғаны кетпесе, ауруыңызды асқындырмай тез арада дәрігерге қаралыңыз! 

Massaget.kz
25 сәуір 2019 ж. 1 120 0