Көз қызаруына тамшы тамызу керек пе, әлде жаттығу жасау жеткілікті ме?
Жұмыс және үзіліс
Офтальмологтардың айтуынша, көздің қызаруы мен талуының басты себебі дұрыс жүйеленбеген жұмыс уақыты. Адам көзіне шамадан тыс салмақ түсуінің нәтижесінде, оған қолайсыз жағдай туады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Алдымен, үзіліс жасап үйрену керек. Компьютер алдында жұмыс істеу барысында тым құрығанда 30 минут сайын бір жаттығу жасап отыру қажет.Көзді демалту үшін екі алақаныңызды бір-біріне үйкелеп (жылытып алу мақсатында) жұмулы көздеріңізге басыңыз. Осы қалыпта 10-20 секунд ұстап тұру керек. Бұл жаттығуды 5-7 рет қайталау жөн.
Жұмыс орныңыздан қозғалмай орындауға болатын жаттығудың бірі: көзіңбен алыстағы нысаны белгілеңіз. Мысалы, терезеден сырттағы ағашқа қараңыз, одан кейін терезе әйнегіне қараңыз. Осылайша 10 рет нысананы алмастыра отыра, көз жаттығуын орындаңыз.
Қызаруды басатын тамшылар
Қазіргі медицина көз қызаруын басу үшін көзді жиі суландырып отыруға кеңес береді. Мұны жасанды көз жасымен орындауға болады. Бұл линза тағатындарға да рұқсат етілген. Ал, визин немесе виаля тәрізді емдік тамшыларды жиі қолдануға болмайды. Бұл препараттар көз тамырларының тартылуына себепші болады, қызаруды басуға көмегі аз. Басқаша айтқанда, олар тек уақытша әсер береді.Ал егер көздің іші ғана емес, көз қабағыңыз да қызаратын болса, арнайы мамандарға барып көрінгеніңіз абзал. Осы белгілерді байқасаңыз, сізді конъюнктивит немесе блефарит мазалап жүруі мүмкін. Ондай жағдайда антибиотиктер курсын қабыладауыңызға тура келеді. Тағы ескертетін бір жайт, көз қызрауының себебі аллергия да болуы мүмкін. Дәрігерлер сізге бұл жағдай түрлі шөп қайнатпаларымен көзді шаюға кеңес береді.
Көз қызаруын басуға ұйқы да көмектеседі
Кейде көз қызруының басты себебі ұйқының қанбауы да болуы мүмкін. Өзіңіздің қанша уақыт ұйықтайтыныңызға назар аударыңыз, яғни графигініңзге талдау жасап, қажет болса ретке келтіріңіз.Көз – жан дүниенің айнасы, қоршаған орта мен сіздің араңыздағы терезе. Сол себепті жанарыңызды күтуге аса мұқияттылық танытқаныңыз абзал.