Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіз нені ескермей жүрсіз? Дәрігер кеңесі

Сіз нені ескермей жүрсіз? Дәрігер кеңесі



Әр күн өнімді болуы үшін кей қарапайым ережені есте сақтап жүру керек. Адамның бәрі бірдей салауатты өмір салтын ұстанбауы мүмкін. Бірақ дәрігер Гүлмаржан Құрманова ұсынған бірнеше кеңес одан кем емес. Көпшілік мән бермей жүрген бірнеше маңызды ережеге назар аударыңыз.
Ұйықтар алдында су ішу дұрыс емес. Жалпы, сағат 18.00-ден кейін су ішуді азайтқан жөн. Себебі кешке ішкен су ағзада жиналып қалып, адам денесі ісіп кетеді. Дегенмен адам күніне 1,5 литр су ішуі керек.
  • Таңертең ұйқыдан тұрған бойда ашқарынға лимон қосылған су ішу ағзаға пайдалы. Бірақ одан бұрын ауызды тазалап, шаю керек екенін көбі ескермей жатады. Ол түнімен ауызда жиналып, тісте тұрып қалған микробтарды жояды.
  • Жұмыстан кейін 10-15 минут аяқты 45 градусқа көтеріп жату қанайналым жүйесіне пайдалы. Бұл аяқтың шаршауын басады.
  • Тамақтану кезінде ештеңеге алаңдамаңыз. Бірақ көбі тамақ ішумен қатар смартфон немесе теледидар қарауға әдеттеніп алған. Бұл астың ағзаға дұрыс сіңуін тежейді. Сондықтан тамақ ішерден бұрын көңіліңізді аударатын барлық затты ысырып қойыңыз.
  • Жаңа нәрсе үйренуді әдетке айналдырыңыз. Адамдар тіршіліктің қамымен жүріп, күнде бір іс-әрекетті қайталап істейтінін сезбей қалады. Мидың жүйке жасушалары жаңа ақпаратты қабылдаған сайын жасарып, жақсарады. Мысалы, жаңа тіл немесе бағдарламалау тілін үйреніңіз.
  • Ашығудан қорықпаңыз. Ол ағзадағы токсиндерді азайтып, қартаюды баяулатады. Егер тәулік бойы аш жүруді тиімсіз десеңіз, 16:8 әдісін қолданыңыз. Ол үшін тамақтануды сағат 19.00-де тоқтатып, ертеңгі 11.00-де бастауға болады.
baribar.kz
18 сәуір 2019 ж. 588 0