Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮЗ ЖАСҚА ЖЕТУДІҢ 7 ЕРЕЖЕСІ

ЖҮЗ ЖАСҚА ЖЕТУДІҢ 7 ЕРЕЖЕСІ


Қарттыққа аяқ басурман кез келген адам ең алдымен ұзақ жасауды армандайтыны анық. Бірақ екінің бірі жүзге жете бермейді ғой. Дегенмен ұзақ өмір сүрудің де өз сыры бар. Ол үшін не істеу керек? Ұзақ өмір сүру ең алдымен адамның өзіне байланысты екені анық.

Дегенмен күнделікті өмірде көп нәрсені ескере бермейміз. Бірақ қазіргі жағдайда ұзақ жасауға болады. АҚШ-тың жетекші ғалымдары жақында адам баласының 90 жасқа дейін тың, сергек қалыпта жүріп, жүзжылдық мерейтойын еркін тойлауына мүмкіндігі зор екендігін есептеп шығарды. Ол үшін қарапайым ғана жеті қағиданы есте сақтау керек. Сонымен…
1.Адам баласы енжарлыққа салынып, жата бермей, көбірек қозғалғаны дұрыс.  Дәрәгерлердің айтуына қарағанда, 6-9 сағат бойы жұмыста көп отыратын адам 60 жасында, одан да ертерек инсульт немесе инфарк алады екен. Кардиолог ғалымдар кем дегенде күніне 40 минут бойы тоқтаусыз жүру қажеттігін айтады. Сонда ғана ағзада қан айналымы жақсарып, жүрек қалыпты жүйеде жұмыс істей бастайды. Сондай –ақ әр жарты сағат сайын жаттығу жұмыстарын жасағанның пайдасы көп.
2.Ағзаңыздағы холестериннің деңгейін біліп, оны үнемі бақылауда ұстап отырғаныңыз жөн. Холестериннің төмендеуі түбінде гипортония мен жүрек талмасына апарып соқтырады. 30 жастан асқан адамдар жылына бір рет, ал 45 жастан кейінгілер дәрігердің нұсқауымен жылына екі рет холестериннің деңгейін анықтап тұрғаны дұрыс.
3.Витамині бар әртүрлі тамақтарды көбірек жеген абзал. Әсіресе, ағзаға көкөніс пен жемістің пайдасы мол екенін ұмытпаған жөн.
4.Әрдайым қан қысымын қалыпты жағдайда ұстаған дұрыс. Қазір бұл ауру жасарып барады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының дерегіне қарағанда, 35-40 жастағы азаматтардың қан қысымында құбылмалылық байқалады.
5.Артық салмақтың керегі жоқ. Дәрігерлердің дерегіне сенсек, 15 келі артық салмақ 10 жылдық өміріңді қысқартады. Шектен тыс салмақ немесе семіздік қан айналымының бұзылуына алып келеді.
6.Әрдайым қан құрамындағы қанттың деңгейін қадағалап тұрған жөн. Ашқарын жағдайында қанттың деңгейі 33-5,6 ммоль/л көрсеткіш шамасында болуы керек. Темекі мен ішімдікке әуес болмағаныңыз дұрыс.
7.Темекі шегуді неғұрлым ерте тастасаңыз, ол ағзаңызға өте пайдалы. Темекіні тастағаннан кейін 15 жылдан кейін ғана барып, ағза бұрынғы таза қалпына келетін көрінеді. Никотиннің улы екенін осыдан-ақ бағамдай беріңіз.
Әрине, айтылған кеңестің барлығы да пайдалы екені түсінікті. Егер аталған қағидаларды жіті сақтайтын болсаңыз, ұзақ өмір сүретініңіз анық. Бірақ ұзақ жасауға қатысты қағидалардың 50 пайызы ең алдымен  адамның гендік жүйесіне де байланысты болатыны сөзсіз.  Қалай десек те, қарттыққа бой алдырмай, ұзақ жасағыңыз келсе, салауатты өмір салтын сақтаңыз…
Бақ кз
05 қыркүйек 2018 ж. 1 373 0