Шиелінің тарланы – Сыздық Нүркеев
Мен атамды көрген емеспін. Көріп үлгермедім. Мен жарық дүние есігін ашардан бірнеше жыл бұрын, алпыс жасында өмірден озыпты. Тек атамның маған жеткен, өз қолымен жазған қойын дәптерін көру, соны оқып, түйсіну бұйырыпты. Атамның аманат етіп қалдырған дүниелерін мұрасын, жиналған хаттарын, сақталған жырларын оқып отырып тамсанамын. Қарасаң көз сүйсінеді, ойы терең, ал, қолы маржандай... Үш әліпбиді (латын әліпбиі, төте жазу, кириллица) қатар меңгеріп, еркін қолданған, өмірін ел қорғау мен адал еңбекке арнаған Сыздық атамның алпыс жылға ғана жеткен мағыналы өмірінің өзі саналы ұрпағы үшін тұнып тұрған өнеге дер едім.Атам Сыздық Нүркеев 1920 жылы Бестам советіне қарасты Қаратаудың теріскей бетіндегі «Еспе» («Сарышырпы») деген жерде дүниеге келген екен. Орта мектепті, содан соң мал дәрігерлік техникумды бітіріп, енді жұмысқа кіріскелі жүргенде соғыс басталып кетіп, майданға аттанады. Ұлы Отан соғысынан 1944 жылы оң аяғынан жарақат алып, ІІ топтағы мүгедек болып оралады. Әйткенмен, дәл сол кездегі қиын ахуалға байланысты майданнан оралысымен-ақ, қызмет атқара бастайды. 1948-1951 жылдарда бұрынғы «Коммунизм», қазіргі Нартай ауылында №1 қой ферма бастығы болып істесе, одан кейін «Қазақстанның ХХХ жылдығы» атындағы колхозда басқарма төрағасы қызметін мен колхоздың ірі қара, жылқы фермаларын басқарады. Оның бір қасиеті, өте жақсы орындалған немесе орындалмай қалған жұмыстың себептерінің неден болғанын ұқыптылықпен қадағалайды екен. Тіпті өзі орындаған әрбір жұмысына сын көзбен қарап, өз қатесін өзі тауып отырған деседі.
Сыздық Нүркеұлының көзін көргендер: «Сөзіне ісі сай, сегіз қырлы, бір сырлы абзал жан еді» деп еске алады. Жас күнінен домбырамен «Саудашы Ишан», «Иманжүсіпке хат» жыр-қиссаларын таң атқанша жырлаған екен. Сонымен қатар, туыс ағасы болып келетін Нартай ақынның қолдауымен, талай жыр дүлділдерімен өлең сайыстарына түскен және шешендік сөздер, өлең-жырлардан өзіндік мұра қалдырған.
Атамның ізкесушілік өнері мен қасиеті туралы «Өскен өңір» газетінде бірнеше мақала жарияланып, онда бүгінде кенже қалып бара жатқан ұлттық қасиетіміздің төркіні туралы сыр шертілген еді.
Атамның тағы бір қасиеті, замандастарымен өзара сыни пікірді жақсы көрген. Сондықтан да өзі қалай басқалардың кемшілігін бетіне батыл айта білсе, өзіне айтылған әділ сынды да батылдықпен мойындап, жөндеудің жолын қарастырады екен. Ол кісінің: «Өзара сын дегеніміз – шын мәнінде болған кемшіліктерді батыл айта білу, бірақ өзара сынды пайдаланып, өтірік жамандап, жала жабу болмасын.
Айтылған достық пікір өзара сын,
Көрсету боп жүрмесін көз аласын.
Жақ-жақ болып, айтысып өнбес іске
Жік салып, бүлдірмеңдер ел арасын», -
деуі жоғарыдағы сөзімізге дәлел.
Атамыз өмірлік жары Ақайдан екеуі он баланың ата-анасы атанып, оларға терең өнеге мен тәрбие, жоғары білім бере алған асыл жандар. Барлық балаларынан бүгінде жиырма жеті немере тарап, олардан алпыс шақты шөбере өсіп келеді.
«Отан қорғап, еңбек еттік ел үшін,
Кейінгіге болсыншы деп өнеге..», –
деп жырлап өткен, Шиелі ауданын өркендетуге атсалысып, еңбек еткен, ауыл шаруашылық қаһармандарының бірі атанған Сыздық Нүркеевтің азаматтық болмысы, саналы ғұмыры жеткіншек жастарға өнеге болады деген үміттемін.
Ақындық өнерге бір табан жақын болған менің атам – асылдың сынығындай болып, жеті атасынан берілген жыраулық мектептің сарқыншағын шама-шарқынша өз заманына жеткізген адам. Жалындаған жастық шағы сұм соғыстың күйреуінен жалынға оранып, содан аман қалған болмысымен көпге үлгі. Барымен базар болып, заман талабының үдесінен шыға білген көреген басшы, ақылды аға, ізетті іні, саналы замандас бола білді деп айта аламын. Өзінің әрбір ісімен жора-жолдас, ағайын-туыс, ұл-қыздарына үлгі бола білген, ол бүтін бір әулеттің кеңесшісі, сүйеніші, қамқоршысы ғана емес, алға сүйрейтін локомотиві іспеттес еді.
«Бастарың ұл-қыздарым аман болсын,
Өмірі бүгінгідей заман болсын.
Орнасын жер жүзіне бақытты өмір,
Шешуге бейбіт жолмен қадам болсын!
Лайық заманына өнегелі,
Білімді ұлың-қызың, балаң болсын!
Денсаулық терең байлық дегендей-ақ,
Тепсең темір үзетін шамаң болсын.
Сегіз қырлы, бір сырлы
өнер қуған,
Ауызда өлең, қолыңда қалам
болсын!
Үлкенге ізет, кішіге
мейірімді,
Лайық заманына адам болсын!» – деп келер ұрпаққа өсиет-тілегін айтып өткен. Ауданның «Құрметті азаматы» болған, Ұлы Отан соғысының ардагері, көреген басшы, асыл азамат Сыздық Нүркеевтің елге сіңірген еңбегі еленіп, туған жерінен бір көше аты берілсе деген тілегіміз де жоқ емес. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жерге тағзым» идеясының мәні де өз жерінің қасиетін насихаттап, ардақты азаматтарын дәріптеу болса керек.
Алма Сайлауқызы.