Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 18 күн бойы өшпеген Xiaomi Redmi 7

18 күн бойы өшпеген Xiaomi Redmi 7

18 күн Ð±Ð¾Ð¹Ñ Ó©Ñпеген Xiaomi Redmi 7
Қытайлық Redmi бренді (Xiaomi компаниясының суббренді) Weibo платформасында тікелей эфир жасап, онда Redmi 7 смартфонының аккумулятор қуаты сыналған екен. Онлайн-трансляцияны 28 миллионнан аса адам қараған. Онлайн-тест Redmi 7 смартфоны 435 сағат (таза 18 күн 3 сағат) қуаттаусыз қосулы тұра алатынын бүкіл әлемге көрсетті. Дегенмен смартфон күту режимінде болған, яғни тек экраны қосулы тұрған. 95% қолданушының болжамы тест-драйв нәтижесімен сай келмей қалды, тек 205 адам ғана смартфон уақытын дәл тапты.  Redmi 7 4000 милиАмперлік батарея қуатының арқасында осындай ұзақ уақыттық көсеткішке жетті. Аккумуляторға жаңа графитті теріс электрод орнатылған, соның арқасында қуатталу алгоритмі оңтайланып, смартфонның автономды қабілеті едәуір жетілген.

Massaget.kz
16 сәуір 2019 ж. 515 0