Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Huawei P20 Pro шілде айындағы «Әлемнің ең үздік смартфоны» атанды

Huawei P20 Pro шілде айындағы «Әлемнің ең үздік смартфоны» атанды

Шілденің 18 күні Huawei компаниясы Nova 3 смартфонын таныстырды. Осы жиын барысында компанияның бас директоры Ричард жыл басынан бері 100 миллион Huawei смартфонының сатылғанын ресми түрде хабарлады. Бұр көрсеткіш қытайлық компания үшін үлкен абырой. Себебі, олар осы уақытқа дейін небәрі жарты жылдан астам уақытта дәл осындай көрсеткішке қол жеткізе алған жоқ. 2015 жылы Huawei-дің 100 миллионыншы телефоны 22 желтоқсанда сатылды. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 14 қазанға дейін қысқарды. Былтыр 100 миллионыншы смартфон 12 қыркүйекте сатылды. Компания басшысы Ричард Ю екінші жартыжылдықтың жоспары бойынша, жыл соңына дейін смартфондардың сатылымын 200 миллионға жеткізуді алға қойып отыр. Сонымен қатар, Huawei телефондарының ішінде ең көп сатылып жатқан P20 және P20 Pro флагмандары екенін атап айтты. 21 шілде күні 2018 жылдың шілде айындағы ең үздік смартфондардың рейтингі жарияланды. Дәл осы рейтинте, жоғарыда атап өткен Huawei P20 Pro смартфоны бірінші орыннан көрінді. Әлемнің үздік телефондарының тізіміне америкалық әйгілі бренд Apple, Оңтүстік Кореяның Samsung және LG, Қытайдың Huawei, Honor, Xiaomi, Oppo сияқты смартфондары кірген. Рейтинг құрылғының техникалық сипаттамалары, сапасы, бағасы және Яндекс-маркеттегі пікірлер бойынша құрылған. Сонымен, биылғы жылдың шілде айы бойынша әлемнің ең үздік 10 смартфоны:
1. Huawei P20 Pro – «Әлемдегі ең мықты камераға ие смартфон»;
2. Honor View 10 128GB / 6GB;
3. OnePlus 6 6/64GB;
4. Samsung Galaxy S9 Plus 64GB;
5. HTC U11 EYEs;
6. Xiaomi Mi Mix 2S 6/64GB;
7. ASUS ZenFone 5 ZE620KL 4/64GB;
8. Apple iPhone X 64GB;
9. LG V30 Plus;
10. Xiaomi Redmi Note 5 64GB.
P20 Pro моделінің дисплейі 6.1 дюймдік OLED матрицалы Full HD 2240x1080 анықтыққа ие. Ал 3 модульді Leica камералары кәсіби фотоаппаратты алмастыра алады. Master AI жасанды интеллект нысандарды анықтап, кескінге сай эффектілер мен баптауларды орнатады. HUAWEI SuperCharge функциясы батареяны жылдам қуаттайды. Осы функцияның көмегімен толық қуатталған смартфон 1 жарым күнге жетеді.
Huawei P 20 Pro iшкі құрылымы:
Процессоры: HUAWEI Kirin 970;
Жедел жады: 6 GB;
Ішкі жады: 128 GB;
Батарея қуаттылығы: cағатына 4000 мА;
Негізгі камералар: 40/20/8 мегапиксель;
Фронтал камера: 24 мегапиксель.
Massaget.kz
26 шілде 2018 ж. 1 652 0