Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Xiaomi Mi Mix 3 – 5G-ге қабілетті тұңғыш смартфон

Xiaomi Mi Mix 3 – 5G-ге қабілетті тұңғыш смартфон

Xiaomi компаниясы жаңа Xiaomi Mi Mix 3 смартфоны ұялы байланыстың бесінші буыны 5G-мен жұмыс істейтін тұңғыш құрылғы болмақ. Компания 25 қазанда өтетін презентацияның анонсын жариялап, онда жаңа Xiaomi Mi Mix 3 смартфоны таныстырылатыны белгілі болды. Xiaomi өздерінің жаңа флагманы туралы еш мәлімет бермей, бәрін бұғып келген еді. Алайда презентация жақындаған сайын жаңа гаджеттің мүмкіндіктері белгілі бола бастады. Жаңа смартфонның жедел жады – 10 GB. Мұндай сыйымдылық әлемдік флагмандардың ешбірінде жоқ. Одан қалды Mi Mix 3 5G-мен жұмыс істейтін алғашқы смартфон болады. Нарықта 5G-мен істейтін Motorola Moto Z3 смартфоны бар, бірақ оның модулі тек сыртқы аксессуар ретінде ғана қолданылады, яғни смартфонның өзіне орнатылмаған. Мұндай алып-қашпа ақпаратты компания презентация алдында қолданушылар қызығушылығын тудыру үшін істегені белгілі. Десе де, Xiaomi Mi Mix 3 қабілеті көптің назарына лайық. Смартфонның тест режиміндегі софт нұсқасына назар аударсақ, Mi Mix 3 чипсеті – Snapdragon 845. Ол 5G ұялы байланыс буынына күші жетпейді, оны көтерсе тек Snapdragon 855 қана көтере алады. Ал Snapdragon 855 тек 2019 жылы шығады. Демек, презентацияда Mi Mix 3-тің 5G-ді қабылдайтын қабілеті тек 2019 жылы іске асады деп хабарлайтынын  болжауға болады. Қызықты мақалалар:



Massaget.kz
19 қазан 2018 ж. 980 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031