Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй жинағанда ұмытылатын 20 орын

Үй жинағанда ұмытылатын 20 орын

Үй жинаÒанда ұмÑÑÑлаÑÑн 20 оÑÑн
Біз пәтеріміздегі терезе, есік пен еденді жиі жуамыз, тоңазытқыштың ішін реттейміз, ноутбук немесе планшеттің бетін сүртеміз, киімдерімізді жуамыз. Алайда, анда-санда сүртуді талап ететін орындар мен заттарды ұмытып кетіп жатамыз. Бұл орындарды да аптасына, айына немесе маусымда бір жуып, жинап тұруды ұмытпайық. 1. Кілемнің ішкі жағы. Кілемге терең сіңіп қалған шаңды кетіру үшін оны аударып, екінші жағын шаңсорғышпен тазалаңыз. 2. Жалюзи. Оларды материалына қарап тазалау қажет. Металл жалюзилерді жуғыш заттар қосып, сулы ысқышпен сүртуге болады. Ағаш жалюзилерді сулы ысқышпен сүртсеңіз жарайды. Мата жалюзилеріндегі шаңды микрофибрадан жасалған құрғақ майлықпен сүрткен жақсы. 3. Кір шуғыш машинаның есігі. Кір жуғыш машинаның қызметін қуана пайдалансақ та, оның өзіне көп көңіл бөле бермейміз. Ұзақ уақыт сүртілмеген кір жуғыш машинаның есігінде шаң баттасып, тіпті сүртуге де қиындық тудыруы мүмкін. 4. Кір жуғыш машинаның ұнтақ салатын қоймасы. Иә-иә, бұл жерді де ара-тұра сүртіп, ретке келтіріп тұру артық етпейді. 5. Есіктің үстіңгі жақтаулары. Қолымыз жетпейтін, көзіміз көп түспейтін аймақта да шаң жиналады. 6. Сөредегі крем, иіссулардың құтылары. Сөренің шаңын сүрткенде косметикалық құтыларды сүртуді де ұмытпаңыз. 7. Батареялар. Тым құрығанда екі аптада бір рет шаңсорғышпен сорып қойған жөн. 8. Ваннаның асты. Ваннаның ішін тазалағанда астына да бір үңіліңіз. Еден жуатын шүберекпен, қолыңыз жетпесе швабрамен бір жуып өтсеңіз жеткілікті. 9. Унитаз, қол жуғыштардың асты, аяғы. Бұл жерлер де аса тазалық пен ұқыптылықты қажет етеді. 10. Жерде жатқан электр сымдары. Оларды еден жуғанда бірге жуып тұрсаңыз, шаң баттасып қалмайды. 11. Жарық сөндіргіштер мен розеткалар. Ылғал шүберекпен абайлап сүртіңіз. 12. Гүлдер мен гүл түпқоймасы. Егер үйде гүл өсіргенді жақсы көрсеңіз, жапырақтарын сүртуді ұмытпаңыз және астындағы түпқоймасының тазалығына да мән беріңіз. 13. Орындықтардың арқасы. Орындықтардың да арқасына шаң қонатын әдеті бар. 14. Тоңазытқыштың үсті. Тоңазытқыштың беті мен ішін әрдайым тазалықта ұстап, үстіңгі жағын сүртуді ұмытып жатамыз. Бұған да мән беріңіз. 15. Тоңазытқыш бетіндегі магниткалар. Әдемі ұсақ ескерткіштерге де шаң қонады. Сенбілік кезінде бәрін жинап алып, бір сүртіп қойған абзал. 16. Қабырғадағы сағаттар. Биікте және алыста орналасқан сағаттардың қаншалықты кірлегенін сағатты түсіріп, сүрткен кезде байқайсыз. 17. Аспашамдар. Аспашамды терезе жуатын құрылғылармен жууға болады. Тазартылған аспашамдардан сәуле ерекше болып түсетін байқайсыз. 18. Қоқыс шелегі. Өзіңізді қанша ұқыпты санасаңыз да, және әрдайым қоқыс қапшығын пайдаланамын десеңіз де, шелекті ара-арасында жуып отыру қажет. Ішіне су құйып, дезинфекциялайтын құралды себіңіз, бірнеше минутқа қалдырып, ішін жуып жіберіңіз. 19. Тіс щеткасына арналған сүйемел. Дезинфекциялық құрылғы себілген ерітіндіні құйып, жарты сағатқа қойып қойыңыз. Кейін жуып, кептіріңіз. 20. Сөмке, әмиян. Жұмсақ жуғыш құрылғылармен сөмкенің, әмиянның ішін және сыртын сүртіңіз.

Massaget.kz
14 сәуір 2019 ж. 953 0