Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның інжу- маржаны Бурабай туралы қызықты мәліметтер

Қазақстанның інжу- маржаны Бурабай туралы қызықты мәліметтер

Барлық әлем карталарында, бүкіл жер бетінде Бурабай өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Оның Қазақстанның Швейцариясы немесе Қазақстанның асылы деп аталуы бекер емес. Ұлы да құдіретті Алла Тағала осындай кішкентай ғана жерде орман, көл, тауларды көз тұндырарлық әдемілікпен жаратқан. Кез-келген жанды ерекше сұлу табиғатымен баурап алатын бұл өлке жайлы аңыз-әңгімелер, мәліметтер өте көп. Бүгінде Stan.kzқазақ даласының інжу-маржаны аталған Бурабай жайлы сыр шершетін болады.

Қазақстанның інжу- маржаны Бурабай туралы мәлімет
 Ғарлымдардың пайымдауынша, бұл өлке осыдан миллиондаған жылдар бұрын мұздықтардың еруінен пайда болған екен. Ал біздің қазақ ата-бабаларымыз болса, бұл жердің жаратылысы жайлы өзіндік аңыздарын қалдырған.
Бурабай ұлттық паркінің жалпы аумағы 83510 гектарды құрайды. Оның 47400 гектары орманды алқап. Ұлттық парк – республикалық деңгейдегі ерекше жүйе бойынша қорғалатын табиғи орындардың қатарына жататын мемлекеттік мекеме болып табылады. Және ҚР Президентігің іс басқармасы қарауында. Бұл жерде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 12-сі қызыл кітапқа енгізілген. Жалпы, табиғаттың осындай бірегей түрленуінің бар құпиясы осы өңірдің топырақ құрамымен тығыз байланысты.
Бурабай қалашығындағы курорттық аймақта тастан жасалған әртүрлі тас түзінділері бар. Бір таңғаларлығы, бомбалаудан кейін шөлді даланың ортасында тас үйінділер шашырап жатыр. Ал Көкшетау тауларын «Көгілдір таулар» деп атайтыны, өйткені оның аспаны көкпеңбек түсті және бұл жердің ауасы да тап-таза, мөлдір. 
Бурабай – қазақ даласының ортасында орналасқан тамаша жер, сиқырлы оазис. Бурабай өзінің мінсіз табиғатымен, таза ауасы, мөлдір көлдерімен, жұмбақ тау шыңдары және мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандарымен кез-келген адамды баурап алады. Бұл жерді көпшілігі Көкшетау тауына байланыстырып, «Көкшетаудың інжу-маржаны» деп атайды.
Бурабайда болған және оның тарихына аз да болсын қызығушылық танытқан кез-келген адам көптеген аңыздардың осы жер мен оның өңіріне байланысты екенін жақсы біледі. Сұлулығы көз тартарлық көлдер, таңғаларлықтай әдемі таулар, ерекше пішінді тау жыныстары мен қарағай ормандары, емдік қасиеттері бар ауа – бұл көптеген ұрпақтың ауыздан ауызға беріліп келген аңыздарында көрініс табады.
Бурабайдың тарихи атауы – қазақтың «бура» түйе деген сөзінен шыққан. Ал «Боровое» деген атауды XVIII ғасырдың соңында орыс мигранттары берген. Бұл екі сөз ұқсас көрінгенімен, бір-біріне ешқандай байланысы жоқ. Дегенмен, көптеген адамдар бұл орыс және қазақ тілдерінде айтылған бір атау деп ойлайды. Бүгін бұл жер ресми түрде «Бурабай мемлекеттік ұлттық паркі» деп аталады.
Ақмола облысының солтүстігіндегі Көкшетаудың жоғары жағында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркінде 14 көл, соның ішінде Бурабай өзені, үлкен және кіші Чебачье, Щучье, Катарколь, Горное, Маябалик, Лебединское, Қарасье және басқа да ірі көлдер бар.  Олардың ішінде тереңдігі 35 метрге жететін ең терең және таза көл Щучье, ал жылы және таязы Бурабай.
Бурабайдың ең көрікті жерлерінің бірі Көкшетау қыратының «Көгілдір тауы» болып саналады. Таудың биіктігі 947 метрді құрайды, бұл Көкшетау қыратының бөлігі болып табылады. 
Ежелгі заманнан бері бұл көркем жер туралы көптеген аңыздар айтылып келеді. Олардың кейбіреулері бір-біріне ұқсас, ал басқаларында сюжет мүлдем басқаша болуы мүмкін. Сондай-ақ, Бурабай өлкесінің қалай пайда болғаны туралы аңыздар да бар.
Жергілікті тұрғындар арасында ең танымал және сүйікті аңыздардың біріне сәйкес, Жаратушы әлемді жаратқанда, ол барлық ұлттарға түрлі табиғи байлықтарды бөліп берген делінеді. Біреуге биік және әдемі таулар, біреуіне – кең орман, тағы біреуіне – өзендер мен көлдер, ал қазақтарға тек шексіз дала бұйырған. Сонда адамдар мұндай әділетсіздікке ренжіп, басқа ұлттарға бұйырған табиғи сұлулықтың аздаған бөлігін болсын сұрау үшін Құдайға барады.
Әрине, бұл тамаша аңыз. Шындығында, бұл аймақ мүлдем өзгеше жағдайда пайда болды. Бір кездері бұл жерде теңіз болған. Уақыт өте келе, кеш палеозойдың тектоникалық белсенділігі жер бедерінің өзгеруіне әкеліп, теңіз тарылып қалады. Ақыр соңында, шексіз де шетсіз дариядан көптеген аласа таулар мен жартастар қалды.
Туристердің сүйікті жеріне айналған «Оқжетпес» жартасының биіктігі шамамен 300 метрді құрайды. Ол үшбұрыш пішінді. Бұл таудың басы жерде жатқан тас пілге ұқсайды, сондықтан  кейде оны адамдар «піл» деп атайды. Жалпы, «Оқжетпес» шыңына шығуға болады. Оған шығатын бірнеше туристік маршруттар да бар, бірақ биік жартастан тек альпинистік құралдардың көмегімен ғана түсуге болады. 
Кең таралған аңыздардың біріне сәйкес, Абылай хан билігі кезінде оның жеңімпаз әскері қалмақтарды ойсырата жеңді делінеді. Сонда жау жұртына ойран салған хан әскері қайтар жолда өздерімен бірге қалмақтың сұлу қызын тұтқынға алып келеді. Қалмақ қызының сұлу болғаны сонша, әр жауынгер оны әйел етіп алуды армандайды. Сонда Абылай хан тәртіпсіздікке жол бермеу үшін таңдауды қыздың еркіне берді.
Ал жаудың жемтігі болғысы келмеген қалмақ қызы биік құзға көтеріліп, қолындағы орамалды жебесін тигізген адамға тұрмысқа шығатынын айтады. Бірақ, қыздың орамалына бірде-бір батырдың жебесі тимейді. Сонда үмітін үзген жауынгерлер ашуланып, қыздың қолындағы орамалға жебенің жетпейтінін айтады. Осылайша, ол тау «Оқжетпес» аталып кетеді.
Бірақ, тұтқында ешқандай жақсылық көрмейтінін түсінген қалмақ қызы ақыры биік құздан көлге секіріп кетеді. Сол кезде ол құлаған жерден, «белгісіз, жұмбақ тас», яғни қазір Бурабайдың көрікті жерлерінің бірі «Жұмбақтас» пайда болды.
Бұрышына байланысты Жұмбақтас өз кескінін өзгертеді. Бір қарағанда ол ойға шомылған жұмбақ адамды немесе шашы желпілдеген жас қызды және қоңқақ мұрынды кемпірды еске түсіреді. Мұның бәрі көру бұрышына, көлеңкеге, жарыққа және әрине, қарап тұрған адамның қиялына байланысты.
Бурабай қонақтарының тағы бір сүйікті жері Ақылбай асуы. Ол Ақылбай есімді жергілікті жол көрсетушінің құрметіне аталған. Ақылбай орманды жерлерді өте жақсы білген адам, және соның арқасында сауда керуендеріне Жеке-Батыр мен Көкшетау таулары арасындағы өткелден өтуге көмектескен.
Бурабай «Қазақстанның інжуі» деп аталатындықтан, кеңес дәуірінде осы жерге ақ мәрмәр түске боялған ұлу қабыршағы түрінде шағын ескерткіш орнатуға шешім қабылданды. Сондай-ақ, ол мұнда бір кездері болған теңізді еске түсіреді.
Ұйқыдағы жауынгерге ұқсайтын Жеке батыр тауы туралы да көптеген аңыздар бар. Бұрын осы жерлерде ірі денелі, өте мықты батыр өмір сүрген. Ол өзінің туған өлкесін ауыл-ауылдарды талқандап, халқын тонап кететін жаулардан қорғаған. Айбынды батырды қарсыластардың ешқайсысы жеңе алмаған екен. Бірде батырға қастандық ойластырған қаскөйлер жауынгер тынығып жатқанда, оған жасырынып кіріп, пышақтап кетеді. Сөйтіп, халқын жаудан қорғаған батыр ұйықтап жатып, мәңгі ұйқыға кетті. Жеке батырдың рухы әлі де сол жерді қорғап жүр дейтін аңыздар осыдан тараған.
Әрине, бұл жердің Бурабай аталуына негіз болған тау туралы аңыздар көп. Ежелгі замандарда бұл тауларда – Бура деп аталатын тәкаппар, ешкімге бағынбаған, жалғыз өзі ғана жүретін ақ түйе мекендеген. Бұл екі өркешті түйе биік, күшті және әдемі болды. Ал жүні қалың, аппақ болған деседі. Бірақ, бұл үлкен түйе – ешкімге жақындамай, ешкімге бағынбай, әрдайым еркін жүрді. Оның жылы үйі Көкшетау ормандарының қалың бұталары болды. Сондай-ақ, ол суының тазалығы мен мөлдірлігі үшін халық арасында Күміскөл деп аталып кеткен көлден ғана су ішкен. Бір қызығы, ақ түйе (Бура) күміс көлден су ішуге түс уақытында ғана келетін. Және ол онда әрдайым бір жолмен ғана жүріп келген екен.
Бірақ, Бура қарапайым түйе емес, қасиетті болды. Ол басқыншылардың келе жатқанын алдын ала сезіп, қатты дауысымен адамдарға жат біреулердің шабуылы туралы ескертетін. Бура ханға ауру жақындап келе жатқанын да сезетін, және сол күндері ол тым мазасыз болатын. Ақ түйе беймаза күндердің алдында қатты бақырып, тынымсыздана бастайды. Ал түйенің даусын естіген халық алда болатын ауыртпалыққа  алдын-ала дайындалатын болған. 
Бірде сарқырамаға тоқтаған Бураны ашулы да, қатыгез Қасым хан кездестіріп қалады. Сол кезде әскерінің алдында мақтанған Қасым хан түйеге бірнеше улы жебе атады. Сонда жараланған түйе жарақатын емдеу үшін көлге қарай сүйретіліп барады, бірақ қатігез Қасым жануарға қанжар сұғып, ақырында түйені өлтіреді. Бұл ісі үшін Қасым қарғысқа ұшырап, оның тұқым-тұяғы жер бетінен жоғалып кетеді. Ал Бура түйе тасқа айналып, кейін тау болады.
Сондай-ақ, Бураның жеті бауыры болған. Олар қайғыдан орманға қарай бет алып, жетеуі де тасқа айналып кетеді. Аңыз бойынша, жеті түйені тапқан адамның аңсаған арманы орындалады дейді.
Stan.kz 
08 сәуір 2019 ж. 2 208 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

№85 (9249)

25 қазан 2024 ж.

№84 (9248)

22 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930