Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талдықорған граффити қалашығына айналады

Талдықорған граффити қалашығына айналады

ТалдÑÒоÑÒан гÑаÑÑиÑи ÒалаÑÑÒÑна айналадÑ
Талдықорған болашақта граффити қалашығына айналады, деп хабарлайды «Хабар 24». Өйткені онда «Қазақстан – ұлы дала мекені» атты граффити-фест жобасы жүзеге аспақ. Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын көпқабатты үйлердің қабырғасында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшуына байланысты және кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жеңістеріне арналған картиналар пайда болған еді. Бұл бастама Жастар жылында да жалғасын табады. Ержан Дәулетбаев, жастарға қызмет көрсету орталығының маманы: – Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты үйлердің қабырғасына ұлы тұлғалардың, Алматы облысынан шыққан батырлардың, ақын-жазушыларымыздың бейнесін түсіреміз. Ең басты мақсат – өзіміздің облысымыздың тұрғындарын насихаттау, сонымен қатар жас және талантты суретшілерді тарту.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/307138-taldy-or-an-graffiti-alashy-yna-ajnalady
06 сәуір 2019 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031