Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас тарихшылардың жеңісі

Жас тарихшылардың жеңісі


Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікірге негізделген өте маңызды дүние. Мақалада рухани жаңғыруға, білім, ғылымға маңыз берілуін тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп қабылдасақ болады.

Рухани мәдениеттің дамуына әрбір азамат атсалысуы қажет. Тәуелсіз еліміздің болашағы кәсіби мамандар болғандықтан, өскелең ұрпақты қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен ой ойлап, білуге талпынатын, өзіндік ой-тұжырымы бар, еңбек нарығына төтеп бере алатын тәжірибелі де білікті маман етіп тәрбиелеу керек. Осындай зор жауапкершілікті сезінген Айнұр Архабаева басшылық жасайтын №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы бүгінгі таңда тың бас­тамалармен жұмыс істеуде. Оның дәлелі жуырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қызылорда облысында жүзеге асыру мақсатында «Дарын» қосымша білім беру орталығы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Менің кіші Отаным» тақырыбындағы аудандық жас тарихшылар интеллектуалдық байқауына мектеп-гимназия оқушыларының белсене қатысуы. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары 4 номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды. Олар Ұ.Талғатқызы, Ш.Камалова, Ж.Орынбасарқызы, Қ.Бегайдарова. Ауданнан үздік деп танылған оқушылар облысқа жолдама алды. Жалпы облыстық байқауға 44 оқушы қатысып, нәтижесінде №45 мектептің оқушылары Ұлдана Талғатқызы (жетекшісі Р.Құлтай) «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алса, Шұғыла Камалова (жетекшісі Т.Назарова) «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. Сонымен қатар, «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен ІІІ «ORDA JUNIOR” облыстық ғылыми жобалар байқауында да жоғарыда аталған оқушылар жүлделі орындарға ие болып, үздік жоба ретінде оқушылардың зерттеу жұмыстары республикалық ғылыми жобалар байқауының материалдар жинағына енді.

А.НАЗАРОВА.
03 сәуір 2019 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930