Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 90 жастан көп өмір сүремін десеңіз...

90 жастан көп өмір сүремін десеңіз...


АҚШ-тың бас кардиологтарының бірі Клайд Янси әрқайсымыздың да 90 жастан аса өмір сүре алатынымызға сенімді. Тіпті 100 жасыңызды да тойлап өтуге мүмкіндік бар екен.
Ғалымның айтуынша, адамдар бар болғаны 7 ережені ұстанса, өмірі ұзағынан болады.
1. Қозғалыс керек. Күнделікті жұмысынан 6-8 сағаттап отырып алатындар 60 жасында инсульт немесе инфаркт алады. Көп жасау үшін күніне кем дегенде 40 минут белсенді қозғалыс керек екен. Жұмыс уақытында жаттығулар жасап тұру керек. 
2. Холестерин деңгейін білу керек. Оны бақылауда ұстауды да ұмытпағайсыз. Жүрек аурулары мен гипертониялық дерттердің көбі осы ағзадағы холестерин құрамының деңгейін өлшемегендіктен пайда болады.
Қалыпты холестерин деңгейі:
Жалпы – 5 ммоль/л (200/дл).
Жарамсыз холестерин – 3,5 ммоль/л (130 мг/дл).
Пайдалы деңгейі – 1 ммол/л (39 мг/дл).
30 жастан асқандар жылына бір рет қан тапсырса, 45 жас пен одан жоғарыдағылар жылына екі рет қан тапсыруы қажет.
3. Толық әрі түрлі тағамдар қабылдау. Гормондардың жаңарып отыруы үшін өсімдік әрі жануар ақуыздарын, құрамында көміртек пен аминқышқылдары бар тағамдарды күнделікті қабылдау керек. Жоқ дегенде бір күнде бір жеміс жегеніңіз абзал.
4. Артериалдық қысымыңызды тексертіп отырыңыз. Қазіргі таңда гипертония эпидемиясы жастардың 40 пайызын жайлаған, ал 35-40 жастан асып кеткендерде тұрақсыз қан қысымы бар.
Қалыпты артериалдық қысым:
Төменгі қалыпты – 115-110/70 мм с.б.
Орташа – 120/80 мм с.б.
Қалыпты – 120-129/80- 84 мм с.б.
Жоғары қалыпты – 130-139/85- 89 мм с.б.
Артериалдық қысым гипертониясы – 140/90 мм с.б. және жоғары
5. Қалыпты салмақ ұстау. Артық 15 келі салмақ 10 жылыңызды қысқартады деген зерттеу нәтижелері бар. Жасқа қарай бөксе өлшеміне де мән берген дұрыс: әйел адамда ол – 80-85 см (дене-бітімге байланысты), ер адамдарда – 95-105 см.
6. Қандағы қант құрамын өлшеп отыру. Қалыпты қант құрам деңгейі – 33-5,6 ммоль/л. Тамақтанған соң қант құрамы 7,8 ммоль/л аспауы қажет.
7. Темекі шекпеу. Ағза темекіні тастаған соң тек 15 жылдан соң ғана ретке келетіні белгілі.
Айтпақшы...
Әрине, жоғарыдағы кеңестер деніңіздің саулығын біршама жақсартады. Бірақ адамның 50 пайыз денсаулығына генетикасының тікелей әсері бар.
 
Дереккөз: massaget.kz
01 сәуір 2019 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930