Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әрбір ата-ана білуге тиіс қағидалар

Әрбір ата-ана білуге тиіс қағидалар


Әр отбасындағы ата-ананын балаға берер жылулығы орасан зор. Жас кезінен жылулық алып өскен бала өсе келе мейірімді, тіл алғыш, жақсының не екендігін, жаманның не екендігін айыра білетін азамат болып өседі. Әр отбасының бала тәрбиесіне байланысты өз ережесі, өз заңдылықтары бар. Ал әр ата-ананың балаға берер жылулығының сан алуан амалдар, тәсілдері жеткілікті. Енді солардың ортасынан ойып алып қарастыратын болсақ, күніне он бес, жиырма минут баланы құшақтап, жылы сөздер айтып, маңдайынан сипап, бүгін мектепте нендей жаңалықтар болғанын сұрап, қандай сабақтан қиыналып жүр екен, сол күйзелісімен бөлісіп, баласымен сырласса - соның өзі-ақ жеткілікті. Бала өзінің ата анасына қаншалықты ыстық екендігін, оны сүйетіндігін сезіне, ата-анасына деген сүйіспеншілігі де арта түсетін болады. Ата-ана жүрегінен шыққан жылы сөздерін баладан аямауы керек, өйткені, ол өзінің баласы ғой, оған сізден басқа кім емірене айтады дейсіз сондай жылы сөздерді?! Міне сондықтан, баланың үлкен азамат болып қалыптасуы, отбасындағы ата-ана мейірімділігіне көп байланысты болып келеді. Әрине, оның барлығы шектен тыс тым қатты еркелет деген сөз емес, балаға деген сүйіспеншілік жүрек түбінен шыққаны жөн.  Күнде айтылатын қарапайым жылы сөздер - ол әр ата-ананың өз фантазиясына байланысты. Мысалы, кішкентай сәбилер болатын болса - қозым, ақ ботам, құлыншағым, ботақаным, т.б., өскелең жеткіншектерге - қарағым, арысым, жаным, т.б., ол енді әркім өзі қалай айтқысы келеді, алайда, күнде осындай жылы сөздерді айтып отырған жөн.

 Дереккөз: anabol.kz 
01 сәуір 2019 ж. 1 012 0