Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАНЫ "ХАНЫҢДАЙ СЫЙЛА"

5 ЖАСҚА ДЕЙІН БАЛАНЫ "ХАНЫҢДАЙ СЫЙЛА"



Баланы ата-анасы мен қоғамды сыйлайтын, өзін-өзі және отбасын қамтамасыз ету үшін қажетінше еңбек ете алатын және жөні түзу тұлға болуға үйрететін тибет халқының бала тәрбиелеу әдістемесі өзгеше. Бұл ұлт өкілдерінің бала тәрбиелеу ісінен үйренеріміз көп.

Тибет халқының бала тәрбиелеудегі басты қағидалары:

Ең бастысы – ешқандай жазалау мен дене жарақатына жол жоқ!

Бірінші қадам – 5 жасқа дейін. Баланы туылғаннан 5 жасқа толғанша «ханыңдай сыйлау» керексіз. Ешнәрсеге тыйым салуға болмайды. Тек бір нәрсе бүлдіргелі жатса, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберу ғана керек. Ол өзінің не бүлдіріп жатқанын өзі білмейді. Мысалы, бала қымбат ыдысты сындырып алды делік. Ол заттың анасы үшін орны бөлек екені, оны шетелден арнайы тапсырыспен алдырғаны баланың миына кіріп те шықпайды. Өйткені оның ойлау жүйесі бұған әлі жетпейді. Осы ісі үшін баланы жазалайтын болсақ, ол мұны басып-жаншу деп қана түсінеді.

Екінші қадам – 5 жастан 10 жасқа дейін. Бұл жылдарда балаға «құлыңдай» қарау керек. Оған әлі келгенше тапсырманы үйіп беріп, соны орындауын қатаң талап етіп отырған дұрыс. Орындалмаған тапсырмалар үшін жазалап та алуға болады. Тек дене жарақатын салмау керек. Сонда бала ақыл-парасаты мол, зерделі азамат болып өседі. Бала өз әрекетіне өзелердің қандай көзқараспен қарайтынын білуді үйренуі керек. Бұл уақытта баланың санасына білім құйып, оған қатты ауыртпалық саламын деп ойлаудың қажеті жоқ.

Үшінші қадам – 10 жастан 15 жасқа дейін. Бұл жастағы балаңызды өзіңізбен тең көріп, теңдік қарым-қатынас орнатыңыз. Бұл жерде «тең» сөзінің мағынасы басқа: сіз де, балаңыз да білім алуға, тәжірбие алуға теңсіздер. Онымен сөйлескенде түрлі тақырыпта ой бөлісіңіз. Оның пікірін сұрап, мәселенің шешімін шығару үшін басқа қырынан келуге тырысыңыз. Баладан тығырықтан шығу үшін қандай жолдар қарастыратынын сұрап, өзіңіз шеше алмай тұрған мәселеге оның да көмектескенін сұраңыз. Егер сізге баланың әрекеті мен қылығы ұнамай жатса, бірден ашу шақырып айта салмай, басқа жолдар арқылы түсіндіріп көріңіз. Сонда ол жалтақ болмай өсетін болады.

Соңғы қадам – 15 жастан бастап. Бұл жылдары балаға енді тек құрметен қарауға ғана міндеттісіз. Оны енді тәрбиелеймін деп әуреге салынбаңыз. Енді сізге өз тәрбиеңіздің жемісін көру ғана қалды.

Егер осы қадамдардан сәтті өтпей, осы талаптарды орындауға селқостық танытсаңыз сізді және балаңызды не күтіп тұр?

- Егер баланы 5 жасқа дейін табалайтын болсаңыз, сіз оның болашақ өмірлік белсенділігі мен өмірге деген махаббатын басып тастайсыз. Кішкентайынан зәбір көріп өскен бала өскенде де оңбайды.

- Егер 5 жастан кейін балаңызға «ханға қарағандай» қарауды жалғастырып, еркелетіп төбеңізге шығара беретін болсаңыз, ол бейқам, әрі ұшқалақ болып өседі. Осының кесірінен ата-анасының мойнына асылып алып, еңбек етуге келгенде еріншектік танытады.

- Егер балаға 10 жастан кейін де кішкентай нәресте секілді қарай беретін болсаңыз, ол өз-өзіне сенімсіз болып өседі.

- Егер балаға 15 жастан кейін құрметпен қарамайтын болсаңыз, ол кез келген уақытта өз отбасынан безіп кетуге дайын тұрады.

https://reactor.inform.kz/
15 қаңтар 2019 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031