Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы


Сейсенбіде аудандық «Жастар ресурстық орталығы » КММ және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен Елбасын қолдау мақсатында «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты жастар акциясы болып өтті. Аталмыш акцияға колледж ұжымы, аудан жастары қатысып, белсенділік танытты.Еліміздің атын әлемге танытып, ынтымағы жарасқан халықтың арманын бір арнаға тоғыстырып, тәуелсіз Қазақстан халқын көк тудың астында ұйытып, сарабдал саясатымен 30 жыл елдегі тыныштық пен қоғамның әлеуметтік ахуалын түзеуге еңбек еткен Елбасының құрметіне арналған салтанатты мерекені колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Таубайұлы мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Біржан Бақтыбайұлы ашып берді. Шара аясында жас ақын Шыңғыс Құдайберген жүрекжарды лебізін арнау арқылы паш етіп, көрермен көңілінен шықты. Сондай-ақ, шарада патриоттық әндер айтылып, жастар арасында ашық әңгіме өрбіді.
«Хан қасындағы уәзір білгір болса,
Қара жерде кеме жүргізеді» – демекші Қазақстан ақылды Президенттің сындарлы саясатының, көрегенділігінің арқасында тұғырлы мемлекет болып қалыптасты. Ендеше, көшін алға сүйреген Елбасы шәкірттерінің алдағы атқарылатын істері оң нәтижесін көрсете берсін.

Фариза КЕНЖЕШОВА.
30 наурыз 2019 ж. 1 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031