Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады?

Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады?

Жүргізуші куәлігі
Фото: Kaztv.kaztrk.kz

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес Акционерлік қоғамы мәлімдеді.
Автор: Ақжарқын Қыдырханова - 


«Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін Электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады. Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, электронды сандық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса, фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуі керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК-ті (3007 теңге) құрайды»,-  делінген хабарламада.
  • Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.
  • Дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының Тіркеу-емтихан алу бөлімшелеріне бару керек.
  • Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамаларды, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
22 наурыз 2019 ж. 1 123 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 55

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031