Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз күні ескеретін алты міндет

Наурыз күні ескеретін алты міндет


Сынық ыдыстарды тастау

Жаңа жылды жаңа ыдыстармен қарсы алу керек. Бұл үрдіс халқымызда бұрыннан бар. Сынық ыдысты тұрмысқа пайдаланғанды қазақ құп көрмеген. Ыдыстың сынық жерінен ырысымыз төгіледі деп түсінген. Сондықтан жылда жаңа жыл келер алдында сынық ыдыстардан құтылып, жаңарып отырған. Бұл бір шетінен, ескі жылдағы бәле-жаланың бәрі осы сынық ыдыстармен кетсін деген сенімге байланысты
Үйдің іші мен ауланы тазарту
Жаңа жыл күні тек тойлап, көңіл-көтеріп қыдырып жүру үшін үйіміз бен ауламызды алдын-ала тазартайық. Көктем келген соң қар астында қалған өлі шөптер, бұтақтары сынған ағаштар, шашылған қоқыстар, үйілген күл-қоқыстар сізге мерекелік көңіл-күй сыйлай алмайды. Жан-жағыңыздың бәрін ретке келтіріп, ағаштардың түбін ақтаңыздар. Ал үйдің ішіне толық тазалық жұмыстары керек. Күн жылы болып тұрса көрпе-төсектерді тысқа күннің астына бір жайып алыңыз. Үй гүлдерін сыртқа шығарып, шаңдарын сүртіп, су құйыңыз.
Ренжіген адамыңды кешіру және кешірім сұрау
Бір жыл бойы іштегі кегіңнің еріп, ренішіңнің жарасы жазылатын кезі – Наурыз. Бұл күні ешкім ешкімге ренжуге тиісті емес. Самарқанның көк тасы еріген күні неге жұп-жұмсақ адам көңілі ерімесін. Өкпелеген адамыңды кешіріп, ренжіткен жаныңнан кешірім сұрап жаңа жылда жаңа қадам жасағанға не жетсін?..
Үлкендерді құттықтау
Осы күні бар тірлікті қойып, үлкен жастағы туыстарыңыз бен таныстарыңыздың көңіліп сұрап, сәлеміңізді беріңіз. Қыстан аман-есен шыққандығына көз жеткізіп, үйінен нан ауыз тиіп шыққан да дұрыс. Жүрегіңіздегі бар жасқы тілекті айтып, тура ниетті болып жүріңіз.
Таза, әдемі киініп жүру
Бұл күні бүкіл халық жанын ғана емес, киімін де, бет-бейнесін де таза ұстауы керек. Үйіңіздегі бар жақсыны киіп шығып, әдеміленіңіз.
Наурыз көже пісіру
Наурызды наурыз көжесіз қалай елететеміз? Сіз де жұрттан қалмай осы көжені пісіріңіз. Сіздің үйіңізің мұржасынан да түтін шығып, көженің иісі бұрқырып тұрсын. Көжеге не қосып пісірсеңіз де өз еркіңіз. Тек оған мейірім, махаббат және сүйіспеншілік қосуды ұмытпаңыз.

Massaget.kz
21 наурыз 2019 ж. 748 0