Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылды қарсы алды

Жаңа жылды қарсы алды


Ауданымызда Жаңа жылды қарсы алу мерекесі өз деңгейінде аталып өтті.
31 желтоқсан күні орталық алаңда ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан әкімі Ә.Оразбекұлы жиналған көпшілікті Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтап, өткен жылы жасалған ілкімді істерге және биылғы 2019  жылы атқарылар толағай істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар доңыз жылы елімізге берекелі, мерекелі жыл болып, алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көріне берейік деген тілегін жеткізді.
Сондай-ақ, мерекелік кеш аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Жиналған қауым ән тыңдап, аяз аталар мен ақшақарлармен суретке түсіп, қуанышқа кенелді. Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласты.

01 қаңтар 2019 ж. 1 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031