Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытатын компаниялар анықталды

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытатын компаниялар анықталды




Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік отандық инноваторлардың жобаларына қолдау көрсететін 3 бизнес-инкубаторды анықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін бизнес-инкубаторларды іріктеу байқау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде тәуелсіз комиссия шешімімен «BeInTech», «Клуб молодых предпринимателей», «SmArt Point Almaty» компаниялары жеңіске жетті.
Енді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік олармен 3 жылға келісімшарт жасап, қаржылық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Сондай-ақ агенттік аталған компаниялардағы жобалардың шығыстарын 50%-ке дейін қаржыландырады.
Әрбір бизнес-инкубаторға жылына 35 млн теңгеден аспайтын қаржы құйылады. Қаржы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бөлінеді.
Сонымен қатар келесі жылы аталған 3 бизнес-инкубатордың резиденттері 50 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздегі инноваторларды қолдауға арналған байқау ұйымдастырылғанын хабарлағанбыз.


27 қыркүйек 2018 ж. 1 152 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 92

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930