Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана күніне орай 100, 500, 5000 мың теңгелік тиындар шығарылды

Астана күніне орай 100, 500, 5000 мың теңгелік тиындар шығарылды


«Астана 20 жыл» монеталары күмістен құйылған. Тек 100 теңгелік монета мельхиор қорытпасынан құйылды. Тиынның бетінде еліміздің елтаңбасы бар. Айналасында “Қазақстан Республикасы” сөзі мемлекеттік және ағылшын тілінде жазылған.
«Монетаның артқы бетінде Астана ғимаратының коллажы салынған. Үстіне «Астана» сөзі, астына 20 саны жазылған», – деп мәлімдеді банк.
5000, 500, 100 теңгелік коллекциялық монеталар ел аумағында барлық төлемге жарайды. Банк есепшоты мен аударымдар жасауға, айырбастауға болады.
Күміс монеталар сувенирлік қаптамада шығады. Монеталарды Ұлттық банктің барлық филиалдарынан, банк сайтындағы интернет-дүкендерден сатып алуға болады.
Stan.kz
21 маусым 2018 ж. 1 242 0