Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Етті моңғолдар көп жей ме, қазақтар ма? Зерттеу нәтижесі шықты

Етті моңғолдар көп жей ме, қазақтар ма? Зерттеу нәтижесі шықты

Қазақстанның 2022 жылғы ресми статистикасының деректеріне сәйкес еліміздің әрбір тұрғыны жылына кемінде 78 кг ет тұтынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірлер бөлінісінде етті азық-түлікке Жетісу, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары (әрқайсысы 93 кг.), ет және ет өнімдерін Шымкент қаласының тұрғындары (53 кг.) жиі пайдаланады.
Economy телеграм-арнасының мәліметінше, Моңғолияда ет тұтынудың жоғары болуы елде мал шаруашылығының өте дамығандығымен байланысты. Мәселен, ауыл шаруашылығы секторы Моңғолияның ЖІӨ-нің 13%-ін құрайды және онда жұмыс күшінің үштен бірі қамтылған. Моңғолияның ауылшаруашылық секторының негізгі бөлігін мал шаруашылығы алады (80%), ал жануарлардан алынатын өнімдер елдің ұлттық экспортының шамамен 10%-ін құрайды.
Мал мен үй жануарларын санаудың алдын-ала нәтижелері бойынша 2022 жылы Моңғолияда 71,1 миллион мал немесе бір тұрғынға 21 жануар есептелген. Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда небәрі 1,8 бас мал келеді.
Қазақстан өңірлері бөлінісінде мал шаруашылығының басым бөлігі Түркістан (18%), Жамбыл (12%) және Алматы (10%) облыстарында дамыған, олар республиканың барлық малының 40%-ін құрайды.
Қазақстан мен Моңғолияның аумағы климаты жағынан ұқсас және даму мүмкіндіктері мен мәселелері бірдей. Алайда, талдау көрсеткендей, Моңғолияның мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі Қазақстаннан едәуір асып түседі.
Моңғолия Президенті 2022 жылы бүкіл ел бойынша «Азық-түлікпен қамтамасыз ету және қауіпсіздік» жалпыұлттық қозғалысын бастағаны мәлім, ол экологиялық таза азық-түлік өнімдерін экспорттауға, мал денсаулығын қолдауға, тауарлардың өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ елдің ішкі қажеттіліктерін кеңінен қолданылатын 19 тағам түрімен қанағаттандыруға бағытталған.
egemen.kz​​​
17 ақпан 2024 ж. 686 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 138

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031