Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін

Қазақстанда 500-ден астам ауыл жойылуы мүмкін


фото: azattyq.org

Кейінгі 10 жылда елімізде ауыл халқы мен ауылдық елдімекендер санының азаю үрдісі байқалып отыр. Мәселен, 2012-2022 жылдар аралығында еліміздің ауыл халқы 7,6-дан 7,5 млн адамға дейін азайды, ал ауылдар саны 6,9-дан 6,3 мың бірлікке дейін қысқарды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, жойылған ауылдардың ең көп саны еліміздің солтүстік аймақтарына тиесілі (269 ауыл жойылды). Оңтүстік өңірлерде ауылдар саны 119-ға, батыс өңірлерде 118-ге, орталық-шығыс өңірлерде 103-ке қысқарған.«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрақты халық саны кемінде 50 адам болатын аумақ елдімекен болып саналады. Бұл 50 адамнан аз халқы бар елдімекендер ауыл мәртебесін жоғалтады және ресми есептен шығарылады дегенді білдіреді. Алдағы жылдары елде 500-ден астам халық саны аз ауыл жойылуы мүмкін», – деп атап өтті Өмір сапасы орталығы директорының орынбасары Айтжан Мейрембаев.Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 50 адамнан аз халқы бар 549 ауыл тіркелген.

Ол ауылдарда 14 мыңнан астам адам тұрады.Өңірлер бөлінісінде шағын ауылдардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан (128 бірлік), Ақмола (56) және Батыс Қазақстан (49) облыстарында байқалады. Мұндай ауылдардың ең азы Атырау (9 бірлік), Жамбыл (4) және Маңғыстау (3) облыстарында орналасқан.«Ауыл тұрғындары көші-қонының факторына қарапайым өмір сүру жағдайы себеп болып отыр. Адамдар тұруға қолайлы өмір үшін ауылдардан кетіп жатыр. Тек 2022 жылы ауылдық жерлерден 326 мыңға жуық адам көшіп кетті. Бұл ретте ауылдан көші-қонның негізгі ағымы қалаларға бағытталған», – дейді Айтжан Мейрембаев.
14 қыркүйек 2023 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031